Павлодар облысына жұмыс сапарымен сауда және интеграция вице-министрі Айжан Бижанова келді. Ол облыста шығарылатын өнімдермен танысып, жергілікті тауар өндірушілермен, кәсіпкерлермен кездесті. Толығырақ келесі сюжетте.

ҚР сауда және интеграция вице-министрі Айжан Бижанова алдымен қала сыртындағы «Жайлау» фермерлік нарығына барды. Онда жергілікті тауар өндірушілердің сауда нүктелерін аралады.

ҚАНАТ ӘБДУАЛИЕВ, «JAILAU» ФЕРМЕРЛІК ДҮКЕНІНІҢ ӘКІМШІСІ

Нанның бағасы тұрақты 95 теңге. Жай күні 500 бөлке, демалыс күндері 1200 бөлкеге дейін нан сатады. Бұл кәсіпорын өзі егін салады, диірмендері, наубайханалары бар. Логистикамен қамтылған. Облыста өте дамыған кәсіпорындардың бірі.

Осы ретте, вице-министр бағалардың төмендігін байқап, бұл жыл бойы жүргізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі іспеттес деді. Жалпы «Жайлау» фермерлік нарығында ет, көкөніс, шұжық, нан өнімдері мен қатар бакалея, сұйық май сатылады. Демалыс күндері келетін халықтың қарасы қалың, деді сатушылар.

ТИМУР ЖАНТЕМІРОВ, «ПАВЛОДАР» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Біз жалға алушыларды таңдағанда өздерінің шаруашылықтары болғанына назар аудардық. Жылқы еті 3500 теңгеден, қара мал еті мен қой еті 2100 теңгеден. Сапасы жақсы, бағалары басқа жерлерден төмен. Ең бастысы бұл жалға алушылардың өздерінің өсіретінін малының еті болу керек.

Осы ретте, қала сыртындағы «Жайлау» фермерлік дүкенінің аумағы кеңейтілетін болды. Себебі сұраныс бар дейді, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның төрағасы. Дүкенннің қоймалары жабдықталып, сату орындарына айналады.

Сонымен қатар, вице-министр «Павлодар» тұрақтандыру қорының жұмысымен танысты. Қоймада қазір 1500 мың тонна қант, 40 тонна макарон, 10 тонна күріш, 1 тонна тұз бар. Олардың барлығы өңірдің 282 дүкеніне жіберіледі. Осы ретте сауда және интеграция вице-министрі қанттың осындай қоймада қалай сақталатынын, қыста шекердің ылғалдануы жоғары болатынын айтты. Сондықтан іштегі ауа температурасын бақылауда ұстау керек деді.

Айта кетейік, жақын күндері тұрақтандыру қоры тағы 2 вагон тұзбен, 200 тонна қызылордалық күрішпен толығады. Одан бөлек, мәртебелі мейман қаламыздағы ірі гипармаркеттердің біріне барып, жұмысымен танысты.

Самал Қалиқызы