Павлодарлық тұрғын өз үйін мозаикалармен бояп безендірді. Суретші идеяны аты көпшілікке танымал емес испан туындыгерінен алыпты. Ол жұмыс қалай орындалды? Тілшіміз біліп көріп қайтты.

Татьяна павлодарлық дизайнер. Сұлулық пен жайлылық жасау оның кәсібі деуге болады. Сондықтан ол өз үйінің бос қоршауын әрлеуді шешкен. Бір айдан астам уақыт бойы бетон қоршауды әсемдеуде. Жұмысына кейде дсы Екатерина мен кішкентай қызы Айлана да көмектеседі.

ТАТЬЯНА ҚАЛҚАМБАЕВА, МОЗАИКА АВТОРЫ

Бұл жеке аумақ. Тұрғын үй ғимараты. Бұл біздің қоршау. Бұны мен мозаикамен безендіруді шештім. Мен бұнда әдемі дүние жасауға болатындығына көзім жетті. Жалпы, мозаика жасау идеясы бұрыннан болды. Тек, өзіме ыңғайлы орын іздеп жүрдім.

Бұл Татьянаның қолымен жасалған екінші мозаика. Біріншісі үйінің артқы жағында орналасқан. Олжұмыс он екі жыл бұрын жасалған. Мұның бәрі телебағдарламадан алған әсерден басталыпты.

ТАТЬЯНА КАЛКАМБАЕВА, МОЗАИКА АВТОРЫ

Антонио Гаудидің жасаған жұмыстары маған шабыт берді. Барселона туралы телехабар көрдім. Онда парктерді безендірген оның мозаикалары туралы толық айтылған. Жөндеу жұмыстарынан қалған плиталар болды үйде. Әйеуір керектенімін деп лақтырай жүргенмін.

Істелген жұмыстан төбелері жарқыраған шағын үйлерді, шыршаларды көруге болады. Бұл пейзаш Исланидя табиғатын бейнелейді.

ТАТЬЯНА КАЛКАМБАЕВА, МОЗАИКА АВТОРЫ

Интернеттен әр түрлі картиналарды іздеп отырып, жасыл алқаптағы шатырлы үйлер бейнеленген әсем табтғатты таңдадым.

Татьяна жұмысын аяқтау үстінде. Айтуынша, шамамен үш күнде соңғы мәреге жетуі тисі. Картина әлі толық дайын болмаса да, павлодарлықтарды таңданысын тудырып үлгерді. Татьянаның жұмысы қаланың сыртқы келбетін өз қолыңызбен қалай жақсартуға болатынының жарқын мысалы болды.

Жанасыл Серікбол, Анастасия Ерш, Медет Кәрім, ЕА