Майдангер Қабдыкәрім Ильяшевтің жерленген жерінен топырағы елге жетті. Бір уыс топырақ оның туыстарына табысталды. Жалпы іздестіру жасағы қай жерде жұмыс жүргізді? Бұның жастарға берері не?

Биыл «Панфиловшылар» жасағы Калужское облысында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Цветовка ауылында 1942 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыстар да жүргізілген. Сол жерге биыл панфиловшылар жасағы барды. Нәтижесінде елге майдангер Қабдыкәрім Ильяшевтің жатқан жерінен топырағын жеткізді.

РАФАЭЛЬ МҰХАМЕТЖАНОВ, «ПАНФИЛОВШЫЛАР» ІЗДЕСТІРУ ЖАСАҒЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бізге Ильяшев Қабдыкәрімнің ұрпағы келіп өтініш білдірді. Аталары өмірінің соңғы жылдарын сол аймақтарда өткізген. Сондықтан біздің мақсатымыз Ильяшев Қабдыкәрімнің жатқан жерін табу болды. Біз Калужсктегі іздестіру жасағына жүгіндік, олар бізге көп көмектесті. Сол жерге барып жерлесіміздің топырағын ел әкелдік. Жалпы 125 майдангердің жерленген жері анықталды.

Жерлесіміз майдангер Қабдыкәрім Ильяшев Ұлы Отан соғысы кезінде соңғы ұрыста қаза тапқан. Бүгін оның ағасының балалары әкесінің аманатына қиянат жасамай топырағын алды.

БАЙКЕН ИЛЬЯШЕВ, ҚАБДЫКӘРІМ ИЛЬЯШЕВТІҢ ТУЫСЫ

Біздің де жанұядан Отан қорғауға әкем, әкемнің ағасы соғыста болды. Соғысқа 1939 жылы қатысқан, жарақат алып келген. 1942 жылы Смоленскіде қаза тапқан. Топырақ әкеліп біздің әулетке бүгін тапсырмақ. Тебіреніс үстіндеміз.

Қабдыкәрім Ильяшевтің туыстары келер жылы Смоленск аймағына барып, басына ескерткіш орнатпақ. Жалпы «Панфиловшылар» жасағына экспедиция кезінде осындай жерлестеріміздің ұрпақтары көмек сұрап жүгінеді. Бәрінде бір мақсат майдангердің қай жерде жерленгенін білу, туған жерге топырағын жеткізу. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстары кезінде соғыста қолданылған заттар, қару-жарақтар, киім кешектер, бас киімдер табылды. Оларды жасақ қызметкерлері елге әкеліп, мұражайға қойды.

Самал Қалиқызы