Өңірімізде Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдық мерейтойына арналған «Ар алдаспаны Аймауытов» атты республикалық конференция ұйымдастырылды. Зиялы қауым дар тұлғаның асқан талантын баяндады. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Алаш қайраткері, қазақтың көрнекті жазушысы, Ертіс-Баян өңірінің тумасы Жүсіпбек Аймауытовқа арналған республикалық конференциясы үлкен маңызға ие. Қазақ әдебиетін дүниежүзілік әдебиет аренасына шығарған, тың жанрларға жол салып кеткен дара тұлғаның ғұмырбаяны халқы үшін құнды екені атап өтілді.

АЙГҮЛ МАЛИКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Үлкен тойдың қорытындысы ретінде бүгін «Ертіс-Баян» бірінші республикалық тетар фестивалінде сіздер кездесіп отырмыз.сіздерді қасиетті Ертіс-баян төрінде көріп отырғанымызға қуаныштымыз. Алыстан ат арытып келген Асанәлі ағамызға, сыйлы қонақтарымызға Павлодар облысы басшылығы атынан зор алғысымызды білдіреміз

Конференция жұмысына ғалымдар мен қаламгерлер, театр саласының майталмандары қатысты. Абыз актер Асанәлі Әшімов Жүсіпбек Аймауытовтың асқан талантын, жалпы қазақ театрының кешегісі мен бүгінгі сабақтастығына да тоқталды.

АСАНӘЛІ ӘШІМОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ

Қазақтың бірінші қайраткері академик Сәтбаев, бірінші кинорежиссер Айманов, бірінші театр режиссері Жұмат Шанин сияқты ұлылар шыққан өңірге келіп отырмыз. Киелі жер, әсіресе мына өнердің дамыған елі. Біз мұнда келгенде бас иіп, құрметпен келеміз. Мына Мүсірептор мысалы Аймауытовты пір тұтқан. Бұл кісінің шығармашылық таланты жоғары деп бағлап кеткен

Қалың қауым арасынан Жүсіпбек Аймауытовтың шөбересі де табылды. Ол Баян төріндегі өткен дүбірлі той, бүгінгі конференция мен фестиваль еңбегін жоғары бағалап, ризашылығын білдіреді.

ПАВЕЛ АЙМАУЫТОВ, ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВТЫҢ ШӨБЕРЕСІ

Мен үшін мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Атама арналған әр шара менің жүрегіме, жан-дүниеме ерекше әсер етеді. Мұның бәрі ертеңгі тарих, ұмытпауымыз керек. Осындай ортада табылғаныма қуаныштымын, барша жандарға зор алғысымды білдіремін

Сондай-ақ, іс-шарада ар алдаспаны Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ театр өнеріне енгізген жаңашылдығы, драматуриядағы шығармашылық қыры, өміріне қатысты тың мәліметтер баяндалып, Жүсіпбектану мәселелері талқыланды.

Қымбат Садық