Соңғы кезде біздің облыста дерматологиялық ауруға шалдыққандар көбейіп кетті. Оның ішінде псориаз, атопиялық дерматит және қышыма қотыр бар. Бұл туралы келесі сюжетте.

Пациенттер арасында кездесетін дерматологиялық аурулар қатарына псориаз, атопиялық дерматит, дерматамикоздар жатады. Одан бөлек, безеу, қышыма қотыр, саңырауқұлаулақ тудыратын ауру түрлері де бар. Осы ретте, экологиялық жағдайлардың, тамақтану мәдениетінің өзгеруіне байланысты псориаз ауруы да ушығып тұр.

ГҮЛНАР БАЙСЕКЕЕВА, Ғ.СҰЛТАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ТЕРІ-ВЕНЕРОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Соңғы кезде псориаз ауруына шалдыққан адамдар саны көбейді. Бұрын псориаз ересек адамдарда кездессе, қазір аурудың жасарғанын байқауға болады. Бізге қазір 3, 5 жастағы балалар келеді. Оларға псориаз диагнозын қойып отырмыз. Яғни псиориаз қазір өте агрессивті түрде жүріп жатыр. Балаларда бірден ауырсынулармен келеді. Яғни балаларды мүгедектікке де алып келуде.

Жоғарыда айтылған тері аурулары ата аналарда кездесе, алдын алу үшін балаларды да дәрігерге көрсетіп отырған жөн. Себебі көп тері аурулары генетикалық тұрғыда да дамиды.

ГҮЛНАР БАЙСЕКЕЕВА, Ғ.СҰЛТАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ТЕРІ-ВЕНЕРОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Егер қандай да бір қотырлар шығып, тіпті терінің түсі өзгере бастаса бірден дәрігерге келу керек. Мәселен витилиго немесе ақтаңдақ пигментті дақтар. Ол уақытылы келіп, ем қабылдаса жақсы емеделеді. Бізде қабылдау тегін. Бізге терапевт пен педиатрдан жолдама қажет емес. Тек 22 35 22 телефон нөмірі арқылы жазылсаңыз жетеді. Дәрігерлер келіп қажетті көмекті көрсетеді.

Тері венерологиялық аурулар бойынша облыстық диспансерлік есепте псориаз бойынша 373 және атопиялық дерматит бойынша 204 адам тұр. Жалпы аталмыш тері аурулары созылмалы, олар бірден емделіп кетпейді дейді маман. Яғни дәрігерлер ұзақ уақыттағы ремиссияны сақтап тұру үшін барын салады. Бұл бағытта науқасқа диета, психо-эмоционалдық тыныштық та қажет.

Самал Қалиқызы, Алексей Мехедов, ЕА