Монғолияның Баян-Өлгей аймағында әйгілі қазақ батыры Көбеш Айтбайұлының зираты жаңартылып, ескерткіш бой көтерді. Шараға Павлодар обылсынан батырдың ұрпақтары бастаған бір топ делегация барып ат салысты.

Көбеш Айтбайұлы шет жайлап, қиыр қонған қазақтар тарихында айрықша ізі қалған тұлғалардың бірі. 1802 жылы дүниеге келіп, 1890-жылы өмірден өткен. Батыр туралы деректер ауызша және жазбаша тарихта молынан кездеседі. Көптеген тарихи көркем туындылардың да кейіпкеріне айналған.

КӨРКЕМБЕК ЗАЙМОЛДАҰЛЫ, КӨБЕШ БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫ

Мың сегіз жүз алпысыншы жылдары Грум Гржумайло әйгілі орыстың саяхатшысы қазақ жеріндегі би-сұлтандармен байланыста болғаны жазылған. Қазақ тарихы толық шағады деп олаймын

Ескеркіш орнату шарасына Павлодар обылсында өмір сүріп жатқан ұрпақтары, сондай-ақ, қоғам қайраткері Жұмабек Хамзин зияқты бір топ делегация ат салысты.

Бұл Көбеш батыр есімін ұлықтау шарасының басы дейді ұйымдастырушылар. Әрмен қарай ол кісі туралы 1997-жылы жазылған кітапты қайта бастырып, насихаттау ісі тұр.

Жанасыл Серікбол