Облыс орталығында балаларға арналған «Алтын сақа» инновациялық орталығы ашылды. Ол Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан. Енді екінші Павлодар ауданының балалары жаңа, заманауи үлгідегі жабдықталған ғимаратта үйірмелерге бара алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 100 заманауи нысан салуы көзделген. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облысымызда соңғы жылдары бірнеше ғимараттар күрделі жөндеуден өтті. Солардың бірі –«Алтын сақа» инновациялық орталығы.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ашып жатқан ғимаратымыз балалардың игілігіне, сауаттылығына, біліміне, сауаттылығына білім атқарады деп сенемін. Баршаңызды құттықтай отыра, осының іші балалардың қызығына толсын. Көптен көп рахмет.

Инновациялық орталықтың ресми түрде тұсауы кесілді. Екінші Павлодардың тұрғындары балаларына осындай сый жасағаны үшін алғысын білдірді. Ата-аналар енді ұл-қыздарын алысқа тасымай, жақын жерде үйірмеге беретінін айтты.

АЯУЛЫМ ҚАЗБЕК, АТА-АНА

Мен үш қыздың анасы болғандықтан бұрын ауданда болмағандықтан, Енді балаларымыз үйдің жанынан үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алатын. Қыздарым да күтіп. Бізге ата ана ретінде баллардың үйдің жанында үйірмеге қатысқаны өте ыңғайлы болып табылады. Сенімі мол.

Инновациялық орталықта соңғы үлгідегі ІТ кеңістік, Business Space, Workshop, Soft-skills space, "Ұлағат" клубы, медиация кабинеті, қолөнер студиясы, көркемсурет шеберханасы, қыш құмыра жасау үйірмесі, теле-фото студия, дыбыс жазу студиясы да бар.

Одан бөлек, орталықта Stand Up, хареография залы, вокал, домбыра, гитара, фортепиано залдары орналасқан. Спорт бағытында садақ ату және ұлттық ойындар бойынша үйірмелер жұмыс жасайды.

 «Алтын сақа» инновациялық шығармашылық орталығында 17 үйірме бойынша 17 педагог жұмыс жасайды. Мыңға жуық бала қамтылып, бір күнде 250 баланы оқуға қабылдайды.

Самал Қалиқызы