Успен ауданын дамытудың негізгі бағыттары – ауыл шаруашылығы – астық өндіру, ет-сүт және мал шаруашылығы. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егілген алқабы 248,7 мың гектарға жетіпті. Аудан әкімі Нұрболат Мақашев ауданның әлеуметтік – экономикалық тынысын баяндады.

Успен ауданында биыл 147,1 мың гектарға дәнді дақыл, 74,7 мың гектарға майлы дақыл егілген. Ал, картоп 0,3 мың гектарға, көкенсі 0,1 мың гектарға, мал азығы дақылдары 29,5 мың гектарға себіліпті. Бүгінгі таңда 37,9 мың гектар алқапта егін орылған.

Мемлекет басшысының экономикаға инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ауданда ауыл шаруашылығы саласына 42 жұмыс орнын құрылып, жалпы құны 11,6 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның негізігі бағыттары ауыл шаруашығына тиесілі.

Успен ауданының аумағы 549,4 мың га. Оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлері 395,5 мың га. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 98 пайызы пайдаланылады.

Сонымен қатар ауданда елдімекендердің кіреберіс жолдарын жөндеу бойынша да бірқатар жобалар жүзеге асқан. Ал, халықтың жұмыссыздық деңгейі 4 пайыз. Жыл басынан бері 467 адам жұмысқа орналастырылыпты.

Жанасыл Серікбол