Атом электр станциясы – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Жаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағытталған бастамаға қоғам белсенділері де пікірін білдірді.

АЭС елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әр¬тараптандыруға, көмір мен газға деген тәуелділікті азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, энергия тиімділігін арттыра түспек.

БӘКІЖАН КӘКІМ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ

Әркім өз ойын білдіру керек деп ойлаймын осы тұрғыда. Әр қазақстандықтың дауысы, пікірі маңызды. Жалпы біздің Қазақстанның жер аумағына 5 Франция сыяды. Ал сол бір Францияның өзіңде 56 АЭС бар екен. Сондықтан біз бұл тұрғыда шамалы артта қалып келе жатқан сияқтымыз. Барша әлемдік деңгейде қарастырсақ біз ең бір артта қалып бар жатқандаймыз, дәл осы электр станциясы бойынша. Электр станциясының көбеюі ол жұмыс орынының көбеюімен пара-пар. Индустрияның дамуына жақсы ықпал етеді

Айта кетейік, АЭС бұл дамыған елдердің баяғы-ақ тәжірибесінен өткен. Әлем әлдеқайда энергия алудың бұл көзінен пайда тауып отыр.

Қымбат Садық