6 қазан күні өтетін жалпыұлттық рефрендумда 520 учаске мен 534 комиссия жұмыс істейді. Өңірдегі дайындық жұмыстары қандай? Толығырақ алдағы сюжетте.

6 қазанда атом электр станциясын салу мәселесі жөнінде референдум өтеді және ал аса маңызды саяси оқиға болмақ. Қазіргі таңда халық арасында түсіндіру жұмыстарын, сайлау округтерінің техникалық дайындығын, сондай-ақ қоғамдық талқылауларды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіулде.

ГҮЛСІМ СҮЙІНДІКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Республикалық референдумда 520 учаскенің 21-і азаматтардың уақытша болатын орыны болып табылады. Және 534 комиссия жұмылдырылады. Оның ішінде 1 облыстық, 13 аумақтық, 520 учаскелік комиссия бар. Оның құрмаында 3000-нан астам адам бар, дауыс беру күніне 15 күн қалғанда, азаматтар өз деректерін тізімдерде тексеріп, қосылмау, қате қосу немесе алып тастау жағдайларына шағымдануға құқылы. Азамат жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, тек өзің тексере алады, референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтар өз учаскелерінің мекенжайын коллорталықтар, немесе ватсап арқылы біле алады

Ал учаскеге келуге мүмкіндігі жоқ азаматтар денсаулығына байланысты, науқас туысына күтім жасау немесе учаскелері жоқ шалғай ауданда болған жағдайда үйде дауыс бере алады. Ол үшін орналасқан жері бойынша, 6 қазанда сағат 12:00 - ге дейін сайтта жазбаша өтініш беру керек. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін арнайы шаралар қарастырылған.

ГҮЛСІМ СҮЙІНДІКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Барлық 520 учаске бірінші қабатта орналсқан. Онда пандустар, тұтқалар, тактильды бағыттаушы жолақтар бар. Барлық учаскелерде мүгедектерге арналған бұрыштар ұйымдастырылған, онда компьютерлер, құлаққаптар, үлкейткіш әйнектер және референдум туралы материалдар қолжетімді форматта орнатылады. Зағип және нашар көретін азаматтар үшін бюллетеньдерге арналған трафареттер дайындалады. Есту қабілетін төмен адамдар үшін 30 сурдоаударма мамандарын тарту жоспарлануда

Айта кетейік, тұрғындарға 505 мыңнан астам атаулы шақыртулар таратылатын болады. Референдум 6 қазан күні таңғы сағат 7.00-де басталып, кешкі 20.00-ге дейін жалғасады. Дауыс берушілер АЭС салуға «иә, келісемін» немесе «жоқ, келіспеймін» деген екі нұсқаның біреуін таңдайды.

Қымбат Садық