Белгілі партия және қоғам қайраткері, Павлодар облысының құрметті азаматы Қабидолла Шәкерімов өмірден өтті. Ол ұзақ жылдар өңірдің өндірістік және қоғамдық дамуына еңбек етті.
Қабидолла Шәкерімов бала кезінде геолог болуды армандаған. Алайда, ол мақсаты тағдырдың жазуымен орындалған жоқ. Десе де, өңірдің өндіріс, энергетика саласында ұзақ жыл еңбек етті. Бұдан бөлек, партия жұмысына да ат салысып, алғырлығын танытты.
РАШИД БЕКТЕМІРОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Ол ағамызды ертеден білем. Мен өзі партия органында көп жыл істедім. Май аудандық компартиясының қабырғасында істедім, содан білем. Ағалық қарым-қатынасымыз болды. Ол кісіні біз қадір тұтамыз. Ол кісінің жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! Иман байлығын берсін! Халыққа қадірлі азамат болған.
Қабидолла Шәкерімов зейнет жасына жеткен соң да белсенді болды. Әрқашан қоғамдық ойларын ортаға салып, тәжірибесімен бөлісті. «Замандас» ардагерлер клубын басқарды. Облыстың құрметті азаматы 89 жасында өмірден өтті.
ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК ЕА