Өңірімізге Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры гастрольдік сапармен келді. Аймауытов атындағы өнер ордасына аялдап, тұрғындарға өз реперурларынан бірнеше қойылым ұсынуда. «әкемтеатр» ұжымы әуелі БАҚ өкілдерімен кездесіп, өнер сапарының мәні мен мағынасына тоқталды.
Әуезов атындағы ұлттық драма театры Ертіс-Баян өңіріне ерекше дайындықпен келген. Гастроль құрамы да айтулы өнер қайраткерлеріне толы. Ұжымның көркемдік жетекшісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов.
АСАНӘЛІ ӘШІМОВ, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ
Көптен бері біраз келмеген жер. Жеке-жеке келеді. Бірақ, Әуезов театры баяғыда бір облысты бір айға алатынбыз. Әртістер де, халық та рахаттанып қалатын. Екі жақтың рахаттанғаны бұл енді өнер.
Сонымен қатар, театрдың аға, орта және жас буын өкілдерінің барлығы бар. Алғашқы театр ресжиисерін өмірге әкелген өлкеде өнер көрсету әрқайсымыз үшін мәртебе дейді өнерпаз қонақтар.
АСЫЛБЕК БОРАНБАЙ, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ
Театрымыздың басты-басты репертурынан орын алып жүрген қазақ халқының жүрегінен орын алып жүрген мен деген актер, актрисалар келіп жатыр. 50 ден астам ектер келді. Көренменнің көңілінен орын алған үлкен спектаклдерімізді осында алып келіп жатырмыз.
Театр өңірімізге бес спектакльмен келді. Актерлардан бөлек, 30 ға жуық техникалық құрам өнер сапарының құрамында.
ЕРКІН ЖУАСБЕК, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДРАМА ТЕАТЫРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Алматыда өзіміздің сахнада қандай декорацияда, қандай жағдайда ойнаса солай көрсетеміз. Сондай деңгейде өтеді деп ойлап отырмыз. Жүсіпбек Аймауытов атындағы театрмен байланыстың арқасы. Үлкен театр фестваиіл өтпекші. Соған шашуымыз болсын деген келіс.
Келесі жылы теартының іргесі қаланғанына 100 жыл толады. Оған дайындық биылдан басталды. Бұл гастрольде сол сексен жылық алдындағы елмен жүздесу. Театр бұдан кейін Өскемен қаласына жол тартады.
ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК ЕА