Торайғыр ауылында мереке күндері бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – ат жарысы. Сәйгүліктер жарысын арнамыздың түсірілім тобы тамашалап қайтты.

Шабандоздар тай, аламан бәйге және ұшқыр аттар жарысы бойынша бақ сынады. Талай дүбірлі додада топ жарып, жүлде алған арғымақтар жиналған жұртшылықтың делебесін қоздырып, бәйге төбені қиқуға толтырды.

ӘСЕТ БАРШЫНБАЕВ, АТ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Ұлттық спортты дамытайық деп қолдан келгенше шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Бәйге, аударыспақ ақырын сатылап көтеріліп келе жатырмыз осы спортты дамытуға.

ЕРАЛЫ ТӨЛЕН, АЛАМАН БӘЙГЕ ЖЕҢІМПАЗЫ

Қараханмен шаптым. Бірақ, басында қобалжу болды, артынан бәрі жойылып кетті. Негізі дайындалғаныма бір күн ғана болған.

Бәйгеде аты оза шапқандар жүлделі болып, сыйлықтарға ие болды. Ат жарысы Ертіс-Баян өңірінің тұрғындарын ұлттық спорттқа ерекше ден қоя бастағанын көрсетті.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНАН