Биыл әйгілі ғалым Әлкей Марғұланның дүниеге келгеніне 120 жыл. Осыған орай ғұламаның өз атындағы университетте халықаралық конференция өтті. Көпшілік алдымен академик ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, марғасқа ғалымның қызы Дәнел Әкейқызы арнайы ат басын тіреді. Қадірлі қонақ көпшілікпен бірге әке ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті. Артынша университет фойесінде үйымдастырылған көрмені тамашалады. Онда академик ғалымның еңбектері топтастырылған.

ДӘНЕЛ ӘЛКЕЙҚЫЗЫ, ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ҚЫЗЫ

Павлодар жұртшылығына, университет ректорына, оқытушылық құрамы мен студенттерге айрықша алғысымды айтқым келеді. Осы шараға қатысқандарға, әкемнің, Әлкей Хақанұлының меретойын кең көлемде ұйымдастырып жатқандарға ризашылығым шексіз. Әкемнің әрбір еңбегі мен үшін ыстық та, қадірлі. Брәңізге рахмет

Бұл көрмені Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің археология бөлімі әкелген.

Шара әрмен қарай конференцияға ұласты. Бірқатар ғалым спикерлер баяндама жасап, ғұлама еңбегінің құндылығына тоқталды.

Әлкей Марғұлан қазақ ғылымындағы, мәденеитіндегі шоқтығы биік есімдердің бірі. Көптеген экспидициялар мен зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ежелгі халықтардың бай мұрасын, ауызша мәдениетін ғылыми айналымға енгізіп, әлемге таныта білді.

Жанасыл Серікбол