Өңір басшысы Асайын Байханов, Тереңкөл ауданына жұмыс сапарымен барды. Онда ол егін себу науқанымен танысты. Сондай-ақ "Ауыл- ел бесігі" бағдарламасының орындалу барысын тексерді. Тілші әңгімесінде.

Тереңкөл ауданында егіс алаңы 306 000 гектар жер. Биыл 195 000 алқабына астық, дәнді дақылдар себілді. Ал 85 000 аумақ жерге майлы дақылдар, 24 000 ға жемшөп, қалғанына картоп пен көкөністер отырғызылады. Былтыр болған құрғақшылық шаруалар үшін оңай болған жоқ. Сондықтан биыл олар тамшылатып суару технологиясын қолданылмақ.

Бұдан кейін облыс әкімі аудан фермерлерімен кездесті. "Агрикультура" Серісктестігі арпа, бидай, картоп, қызылша, пияз, сәбіз, күнбағыс өсіреді. Қожалық басшысы Вячеслав Кисилев тамшылатып суаруды қолдайтынын жеткізді. Себебі бұл арқылы су шығыны шамамен 4 есе аз болмақ.

ВЯЧЕСЛАВ КИСИЛЁВ, КӘСІПКЕР

Былтыр жаңа комбайндар сатып алынды. Бұдан бөлек қазір бізде 120 гектар жерде суару технологиясы қолданылады. Бұл үшін 200 млн теңге қалтамнан қаржы салдым. Қарызға – 170 млн теңге алдым.

Мемлекеттен қолдау бар. Ауданға 4 688 тонна арзан дизель отыны бөлінді. Қазір келісім шарт бойынша 3 755 тоннасы жеткізілген. Өңір басшысы жергілікті билік өкілдеріне бұл мәселені қадағалап, уақытында жеткізуді тапсырды. Бұдан кейін Асайын Байхановтың жұмыс сапары Калиновка ауылында жалғасты. Онда қазір мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік бағдарламалар ауыл ажарын аша түсті. Аудан халқы орындалып жатқан игі істерге риза.

Сондай-ақ «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша бірнеше ауылдық клуб, медициналық пункт, футбол алаңдары салынады. Тереңкөл, Әулиеағаш, Береговое, Жанабет, Фрументьевка ауылдарында12 шақырым кентішілік жол жөнделеді..

Әйгерім Тоқпанқызы, Гүлсім Қобжанова