Облыста кәсіпкерлік пен сауданың тұрақты дамуы – өзекті мәселе. Бүгінгі таңда тауарлардың сапасын тексеру, бағаларды реттеу қалай жүзеге асып жатыр? Бұл туралы – тілші әңгімесінде.

ҚР сауда және интеграция министрлігі «Сапалы өнім» жобасын енгізген. Басты мақсат – халықты сапалы өнімдермен қамтамасыз ету. Сондықтан, жоба ішкі нарықта жоғары бәсекелестік тудырып, тұтынушылар құқығын сақтауға бағытталады.

НҰРСҰЛУ АУБАКИРОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Павлодар облысында 2024 жылдың өткен кезеңінде сапалы өнім жобасы аясында қоғамдық бастамалармен 34 өнім бойынша зерттеу басталды. Өнімді іріктеу ет, сүт, май, кондитерлік өнімдер, жұмыртқа басқа да өнімдіер бойынша жүзеге асырылды. Өнімді талдау қауіпсіздік талаптарын сақтауға, мәлімделген параметрлерге сәйкестік, өнімді таңбалау талаптарын сақтауға жүргізілді. Бүгінгі таңжа 15 түрі бойынша бұзушылық анықталды. 17 түрі әлі жұмыста

Биыл сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департамент 54 жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Оның 51-інде тауар бағасы дұрыс көрсетілмеуі немесе мүлдем көрсетілмеуі, қазақша ақпарат болмауы сынды бұзушылық анықталған. 50 сауда орнына ескерту беріліп, 1-еуіне айыппұл салынған.

НҰРСҰЛУ АУБАКИРОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Аталған мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды. Сауда субъектілерінің бәрі оны орындады. Тауар бағасына үстеме кей жерде 128 пайызға дейін жеткен. Бұзушылықты жою туралы бұйрықтан соң, бағалар екі есеге дейін төмендеді. Мәселен, бір келі қарақұмық жармасы 524 теңгеден 264 теңгеге, күріш 720 теңгеден 675 теңгеге, картоп 130 теңгеден 104 теңгеге, 1 литр күнбағыс майы 795 теңгеден 725 теңгеге, 880 теңгеден 770 теңгеге, майлылығы 72 пайыздық, тұздалмаған сары май 1250 теңгеден 845 теңгеге арзандады.

Аталған департамент тұрғындардың өтініші бойынша жоспардан тыс тексерістер жүргізеді. Ол үшін бұзушылық анықталған жердің чегі, жапсырма фотосы, сауда орнының бизнес сәйестендіру номері болуы тиіс. Павлодар облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Генерал Дүйсенов көшесі 9 мекенжайында орналасқан, «жедел желі» телефоны – 55-10-70.

Жұлдыз Қабылденова