Еріктілердің жұмысын ынталандыру қажет. Осы мақсатта шағын гранттар ұсынатын конкурстар ұйымдастырылып жатыр. Бұл туралы волонтерлардың жұмысы жайлы өткен брифингте айтылды.

Павлодар облысында 22 мыңнан адам астам еріктілер қатарында. Жалпы 22 волонтерлік мемлекеттік емес ұйым, 500-ден астам бастамашыл топ жұмыс жасайды. Мәселен, «Вита» жасағы 8 жылдан бері із-түзсіз жоғалғандарды іздеумен айналысады. Қатарында 150 адам бар.

САМАЛ ДҮЙСЕНБАЕВА, «VITA» ЖАСАҒЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ

 Біз жылдың басынан 50 адамдай бізде поисковой жұмыстарымыз болды. 20-дан астам адам біздің отрядпен табылды. Қазір Павлодар облысы бойынша 15 адамдай іздестірілуде.

Бұдан бөлек, әлем бойынша 150 жылдан бері «Қызыл жарты ай» қоғамдық қоры жұмыс жасап келеді. Басты бағыттарының бірі төтенше жағдай кезінде гуманитарлық көмек көрсету.

ДАННА СЕРІМБАЕВА, «ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ» ҚҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЕРІКТІСІ

Биыл су тасқыны кезінде біздің ұйым көп жұмыс жасады. Зардап шеккендерге жалпы сомасы 7 млн теңгеге гуманитарлық көмек көрсетілді. Алдыңғы жылы Екібастұз қаласында техногендік сипатта апат болғанда 10 млн теңгеден астам сомаға көмек жасалды.

Сондай-ақ, еріктілерді қолдау мақсатында атқарушы органдармен түрлі конкурстар ұйымдастырылып жатыр.

РИЗАТ РАХЫМЖАНОВ, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Сонымен бірге волонтерліқ саласында республикалық және жалпыұлттық конкурстарын ұйымдастыру маңызды аспект болып табылады. Гранттық бағдарламасы қаржыландыру аясында Мәдениет және Ақпарат министрлігі тапсырысы бойынша үшінші жыл табысты іске асырылып жатыр.

Конкурс аясында 8 бағыт бойынша 300 мың теңгеден 240 шағын грант табысталады. Өтінімдерді қабылдау 25 сәуірден 31 мамырға дейін жалғасады. Ал, қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 5 бағыт бойынша «Волонтер ЭКСПЕРИОНС» сайысы қолға алынды. Онда да еріктілерге шағын гранттар қарастырылған.

Самал Қалиқызы