Тереңкөл ауданында өмірінің соңғы сәттеріне дейін антына адал болып, мүлткісіз қызмет еткен Ахметқалы Тезекбаев пен Фарид Какабаевты еске алу шарасы өтті. Олардың рухына арналып, Тереңкөл ауданы, Песчан ауылының екі мектебінде алғашқы әскери дайындық сыныбы ашылды. Экранға зер салайық.
Ахметқалы Жұмабекұлы Тезекбаев 1983 жылы ішкі істер қызметі қатарына алынды. Әскери міндетін мінсіз атқарған офицер антына адал бола білді. Ол қызмет бабында қылмыскер қолынан 1997 жылы қаза табады. Оның жерлесі Фарид Қақабаев 2008 жылы қызметтік борышын атқару кезінде көз жұмды. Қос батырдың ерлігін еске алу шарасына полиция департаменті мен ауданы басшылығы қатысты. Сондай-ақ мектеп оқушыларына әскери қызметкерлердің өмірі, қызметтік жылдардағы оқиғалары туралы кең мағлұмат айтылды. Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Қымбат Садық