Павлодарда бассейнге құлап кеткен адамды құтқаруға ат салысқан күзетші марапатталды. Оқыс оқиға 26 мамыр күні болған еді.

Мамырдың 26-сы күні сағат 14:40 шамасында «Ертіс» олимпиадалық бассейнінде жас жігіт суға батып кетіп, ес-түссіз күйінде шығарылған. Оны құтқаруға ат салысқан жандардың бірі Серік Жәкенов бассейннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оқыс оқиғада әрекетсіз қалмағаны үшін басқарма тарапынал марапатталды.

СЕРІК ЖӘКЕНОВ, «ERTIS» ОЛИМПИАДАЛЫҚ БАССЕЙНІ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Айқайлаған дауысты естіп дереу жетіп бардым. Инструктормен бірге алғашқы жәрдем жасадық. Төрт минут бойы реанимациялық әрекеттер жасадық. Сосын жігіт есін жиып, жүрек соғысы қалпына келді. Бізбен бірге медбике де көмек қолын созды