Павлодар қаласында «ӨрлеТех» әлеуметтік білім беру жобасы таныстырылды. Жоба «АйТичМи» қорының Шелл Қазақстан компаниясымен бірлесіп іске асырылуда.
«ORLETECH» жобасы жастардың, соның ішінде мүгедектігі бар жандардың, цифрлық дағдыларын жақсартуға және жұмысқа орналасуға көмектесу арқылы мансаптық өсуге ықпал етеді. Әлеуметтік жобаының іске асырыла бастағанына көп уақыт болған жоқ. Биылғы жылдың сәуір айынын басталды.
Жобаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланың амбассадорлар тартылды. Онлайн курстар практикалық дағдыларды қамтамасыз етеді. Курстың барлық сабағы заманауи жұмыс берушінің дағдыларын қамтасыз еткен. Сонымен қатар, ITeachMe жастарға жұмыс табуға көмектесетін болады.
Жобаның әрбір түлек жеке түйіндемесін, жұмыс портфолиосын жасайды, сонымен қатар әлеуетті жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу негіздерін меңгереді.
Жанасыл Серікбол