«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы жыл басынан субсидиялау бойынша 449 млрд теңгеге 5 мыңнан астам кәсіп қолдау тапты. 100 ге жуық жоба қарастырылу үстінде. «Даму» қолдаған бизнес қалай жұмыс жасап жатыр? Толығырақ тілші сюжетінде.

«GL Clinic» мекемесі биыл ашылды. Павлодар қаласында пластикалық, мамопластикалық, жалпыхирургиялық, липосакциялық ота жасайтын кезекті медициналық мекеме. Штатта әзірге 7 адам жұмыс жасайды. Осы уақытқа дейін клиникада 30 шақты операция жасалған. Емделушілер Еуропадан, Ресейден, АҚШ-тан, Кореядан келеді екен. Айта кетейік, клиника міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы кеуде қатерлі ісігінінен зардап шеккендерге мамопластикалық операция да жүргізеді.

ЛЕОНИД ГЛУХОВ, КӘСІПКЕР

Мен 15 жылдай теміржол ауруханасында жұмыс жасадым. Ондағы мамандардан көп тәжірибе алдым. Сосын өз клиникамды ашуды жөн көрдім. Ал, «Даму» қоры соны қолдап жіберді, субсидиялады.Қаражаттың жартысы жөндеу жұмыстарына жұмсалды. Қалғанына медициналық жабдықтарды сатып алдық.

Кезекті нысан ковидтің өршіп тұрған кезінде ашылған «PUlman» жеке кәсіпкерлігі. Үйдегідей жартылай фабрикат өнімдерін даярлайды. Оның ішінде түрлі салмалары бар мантылар, тұшпаралар, орамалар, хинкалилар бар. Компанияның ерекшелігі - бәрі қолымен жасалады. Жақында қаржы ұйымы арқылы 20 млн теңгеге жаңа жабдықтар сатып алған. Енді кәсіпті кеңейту жоспарланып отыр.

ВАСИЛИЙ ПУЛЬ, КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ

Пандемия кезінде, барлық мейрамханалар жабылып қалған кезде яғни 2020 жылы ашылдық. Мен шеф-повар болып жүрдім, бірақ жұмыстан айырылып қалдым. Кейін өз ісімді ашып, тапсырыспен жұмыс жасадым. Бастапқыда 1 ғана адам жұмыс істеді. Мен тапсырыстарды қабылдап, өзім жеткізіп беретінмін. Қазір екі менеджер жұмыс жасайды, қамыр түюшілер де көбейді. Күніне 80-100 келіге дейін өнім жасаймыз. Оны 200-300 келіге дейін көбейткіміз келеді енді.

Қор кәсіпкерлерді қолдау мақсатында түрлі бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Тіпті кәсіпкерлер үшін тегін бизнес-курстар да жүргізуде.

МАДИНА БАДЕНОВА, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АҚ ПОФ БАС МЕНЕДЖЕРІ

Қазіргі таңда бізде бірыңғай кешендік бағдарлама іске қосылды. Ол арқылы кәсіпкер 3 жылға 20 млн теңгеге дейін несие ала алады. Сондай-ақ, 2 жылға 5 млн теңге несие алу бар. Бағдарламаның басты тетігі кейбір банктер кепілдіксіз несие береді. Яғни кәсіпкер ешқандай кепілдіксіз ақша алып, мемлекеттік субсдияны пайдалану мүмкіндігі бар. Несие мөлшерлемесі моноқалалар мен ауыл тұрғындарына 7 пайыз, Павлодар қаласы үшін 8 пайызды құрайды.

Айта кетейік, биыл 449 млрд теңгеге 5161 жоба субсидияланды. Кепілдік беру құралы негізінде 105,5 млрд теңгеге 3070 жоба қолдау тапты. Одан бөлек, 91 құжат қарастырылу үстінде.

Самал Қалиқызы