Павлодар облысында "Жер-2024" республикалық оқу-жаттығуы өтті. Оның мақсаты басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды алдын алу кезіндегі іс-қимылдарға дайындау болу.

Оқу-жаттығудағы жоспарға сәйкес Павлодар облысы жер сілкінісінің ықтимал салдарын жою үшін Алматы қаласына техника жіберді. Осыған байланысты Екібастұз, Ақсу және Павлодар қалаларында инженерлік техниканы тиеу жүргізілді. Сондай-ақ, зардап шеккен халық Май ауданы мен Аққулы ауданындағы апат аймағынан келгенде Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен екі лагерь жабдықталды.

ОЛЕГ ТРЕЩЁВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Зардап шеккен халықты қабылдаймыз. 200 адамға арналған лагерь ашылды. Жоспар бойынша біз Өскемендегі жер сілкінісінен зардап шеккендерді қабылдаймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалған. Тұрғын үйге, тамақ ішуге арналған шатырлар, ветеринарлық қызмет, полиция департаменті, халыққа қызмет көрсету орталығы. Яғни адамдар мұнда келген кезде қолайсыздықты сезінбейді.

Оқу-жаттығу шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен, полиция, жедел жәрдем қызметкерлерімен және зардап шеккен халықты қабылдау және орналастыру бойынша еріктілермен өзара іс-қимыл тетіктері пысықталды.