Ақтоғай ауданы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі оқу жылын табыспен аяқтады. Бірқатар оқушылар облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, топ жарды. Мектеп түлектері жетістіктерімен танысып қайтқан тілші әңгімесінде.

 Бұл Абай атындағы мектептің өткен оқу жылында табысқа жеткен оқушылары. Әрқайсысы өз білім ұяларының ғана емес, ауданның, тіпті, облыстың білім көрсеткішін таныта білген шәкірттер. Әрқайсысы биік мақсаттарға қол созып, асқақ армандарына ұмтылуда.

ЖАЛҒАС БЕЙСЕНБЕК, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ ТҮЛЕГІ

Мен осында көптеген жетістіктерге жете алдым. Спорт жағынан ғана олимпиада, оқу, дебат сияқты салалардар да облыстық, республикалық деңгейде з өнерімді көрсете алдым деп ойлаймын. Болашақа құқықтық органдарда жұмыс істегім келеді. Еліміз үшін қызмет етуді армандаймын. Дайындалып жүрмін, мемлекетті жақсарту үшін не істеу керектігін оқып жүремін

Бұл оқушылардың ішінде биылғы мектеп түлектері де бар. Солардың бірі Фариза Ерғали білім ордасының, ата-анасының ақ батасын алып, Америка асуды мақсат етіп отыр.

ФАРИЗА ЕРҒАЛИ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ ТҮЛЕГІ

Болашақта мен негізі Америкаға оқуға түскім келеді. АйТи саласынтаңдап сол саланың маманы болғым келеді. Ол үшін осы жазда Айлтс және Асейти тесттерін тапсырып, жетістіктерімді көрсетіп резюме тапсырам. Солай университетке түсем

Абай мектебі қай оқу жылында болмасын табысқа қол жеткізіп келеді. Биыл сол еңбектің игілігін көрмек. Білім ордасында тірек мектептебі ретінде ауқымды жаңарту жұмыстары жүргізілмек.

ХАНЫМГҮЛ СОЛТАНАЛИНОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ БАСШЫСЫ

Өте бір қуанышты жаңалығымыз. «Білім беруді қарқынды дамыту қорының» жобасы бойынша әр ауданда тірек мектептері 250 млн теңгеге материалық базасын нығайтады. Жаз мезгілінде барлық кабинеттер жаңарады. Және жаңа кабинеттер қосылады. Арт студия, медиа, дыбыс жазу кабинеттері болады деп

Абай мектебінде жиыны 335 бала білім алады. Сонымен қатар, мектеп құрамындағы даярлық тобында 20 аса бала тәрбиеленуде.

Жанасыл Серікбол