Өңір басшысы Ертіс ауданына барды. Бұнда да көктемгі дала жұмыстарының қызған сәті. Фермерлер егістік алқаптарында шаруаларын пысықтауда. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Бұл Ертіс ауданының Панфилов ауылында орналасқан «Талапкер» шаруа қожалығының алқабы. Қазір мында жер жыртылып, дәнді дақылдар себілуде. Биыл жалпы аудан бойынша 201 мың гектар жерге бидай, 1,8 мың алқапқа қарақұмық, 19 мыңына арпа, тары егілді. Күнбағыс 5 гектар жерге ұлғайып, көбірек себілген. Көктемгі дала жұмыстары бес күннің ішінде аяқталады деп айтты аудан әкімі. Бұдан кейін облыс әкімі жерді тыңайту мәселесін сөз етті. Аталған ауданда бұл түйіткіл шешілген екен.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мына біздің удобрение не болып жатыр. 1910 тонна түсті. Оның ішінде 800 тонна силитра, биылғы жылы ауа райына байланысты ылғал жетеді. Удобрение биыл жақсы нәтеже көрсетеді. Проблема мәселелер туындап жатқан жоқ. Хим обратобканы түнгі уақытта істей алмадық.

Бұдан кейін өңір басшысы аудан шаруаларының сұрақтарын тыңдады. Оларды субсидия бөлу мәселесі қызықтырады. Әсіресе әлеуметтік корпорация арқылы берілетін несие.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бір сұрақ бар. Кеңдаламен ақша беріп жатыр. Бірақ та бізге қалай жетеді. СПК мойнына алады деп. Кеше ауыл шаруалылығы министрі келіп кетті. Біз талқыладық оны. Негізгі. Әлеуметтік корпорация арқылы қаражатты спкға береді. 5 пайывзбен , без субсидирования береді. .. содан бас тарту үшін.

Сондай-ақ, ауданда елдімекендің ажарын аша түскен «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы орындалып келеді. Биыл Голубовка, Северный, Бестөбе, Ағашорын, Қызылағаш, Северный ауылдарына апаратын тас жөнделеді. Ал Панфилов ауылындағы 6 көшеге асфальт төселіпті.

Ауданның әлеуметтік саласы дамып келеді. Бірнеше мектепке жөндеу жүргізілмек. Одан бөлек қазір Ертіс ауылында балалар шығармашылығы орталығы салынып жатыр. Мердігер ұйым нысанды шілде айында тапсыруды көздеп отыр.

Бұдан соң, өңір басшысы ауданда жүргізіліп жатқан шыбын-шіркейлерді улау жұмысымен танысты. Қазір ауданның 10 мың гектар жерге дәрі бүрку жүргізілген. Жұмыс сапарын қорытындылай келе өңір басшысы көктемгі дала жұмыстарын сондай-ақ әлеуметтік нысандардың құрылысын сапалы, әрі уақытында тапсыруды жүктеді.

Әйгерім Тоқпанқызы