Бұдан кейін өңір басшысының сапары Ақтоғай ауданында жалғасты. Онда да көктемгі дала жұмыстары, жолдардың жөнделуі мен әлеуметтік нысандардың жұмыстарымен танысты. Толығырақ алдағы материалдан көрейік.

Аймақ басшысы Ақтоғай ауданындағы жұмыс сапарында облыстық бюжеттен бөлінген қаражатқа жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Жалпы 333,6 миллион теңгеге саябақ аймағын абаттандыру, елді мекендердегі көшелердің жарықтандыру, ауылдардағы кентішілік жолдардың орташа жөндеу жұмыстары орындалады.

Ақтоғай ауданында жалпы егіс алқабы 74 мың гектар жерді құрайды. Былтырмен салыстырғанда ол 3,6% - ға ұлғайған. Егістіктерге 166 трактор, 8 егіс кешені және 70 бірлік басқа ауыл шаруашылығы техникасы тартылған. Ал, олар 1253 тоннаға арзандатылған дизель отынымен толтырылады. Ауданда суармалы егіншіліктің дамуына мүмкіндк бар екендігін айтты.

ҚАРШЫҒА АРЫНОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл болжамды учаскелеріміз болып есептеледі. Осы жерлерді алдағы уақытта үш жылға дейін пайдалану, жетекшілік ету бар. Сонымен қатар ,шаруа қожалықтары басшыларымен жергілікті электр қосалқы станциясын қайта құруды қарастырып отырмыз

Айта кетейік, аталған жоба құны 700-800 миллион теңгені құрайды. Жаңа суармалы алқаптар көкөніс өндірісін жарты миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік бар.

Мұнан кейін аймақ басшысы балаларды дамыту, түзету орталығын аралап, жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, аудан көшелері жарықтандырылып, саябақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Қымбат Садық