Терек мамығын өртеу қауіпті. Бұл туралы төтеншеліктер тағы бір мәрте еске салды. Әсіресе қаламыздың кішкентай тұрғындары бұны білгені жөн. Толығырақ келесі сюжетте.

Жазда өрттің қауіпті кезеңі басталады. Бұл уақытта балалар жиі назарсыз қалып, өрт пен судан қауіп төнеді. Осы ретте төтенше жағдайлар басқармасы мен білім бөлімі арасында меморандумға қол қойылды. Басты мақсат екі жақтап балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ЕРКІН ҚАУКЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫ

Өрт қауіпсіздігі басталғаннан бастап терек мамығы жануаның 4 фактісі тіркелді. Бүгін Павлодар қаласы қала мектептеріндегі лагерь балаларға еределерді сақтауға үйрету.

Сонымен қатар, төтеншеліктер қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Жалын кезінде өз-өзіңді ұстау, өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану туралы ақпарат ұсынды.

АЯЖАН БАЯНЗИНА, №16 МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ

Бүгін бізге төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері келді. Өрттің алдын алу, қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Терек мамығы қалай жанады, оны қалай өшіру керектігін айтты.

ТАИСИЯ ГАВРИНА, №16 МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ

Төтеншеліктер келді. Өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану, қолдануды айтты. Терек мамығын жақпаңдар деді. Себебі өрт ағаштарға көшіп, қауіпті жағдай туғызатынын айтты.

Айта кетейік, терек мамығы ұшып, тұрғындардың мазасын алып жатыр. Бірақ қалалық әкімдікпен оны азайту, тосқауыл қою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан шаһарымыздың кішкентай тұрғындарына оны өртеудің қаншалықты қауіпті екенін айтып жүрген дұрыс.

Самал Қалиқызы