Шаһарымызда «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің бастауымен «Бір шаңырақ астында» фестивальі қарқын алды. Жоба аясында дәстүрлі әндер шырқалып, ата-әжелеріміз қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетті. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Қалалық саябақ сахнасында «Бір шаңырақ астында» фестивальінің салтанаты ашылу өтті. Бұл шара қала жұртшылығына әр сенбі, жексенбі үзілмей ұсынылып отырмақ. Шараның басты мақсаты жастарға дұрыс өнеге көрсетіп, жақсыға баулы болып табылады.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ «АНАЛАР КЕҢЕСІ» ТӨРАҒАСЫ

Бүгін бізде «Бір шаңырақ астында» деген фестиваль басталды ассамблеяда. Оны әрқашан да «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің бастайды. Міне бүгінгі біз жастарға беретініміз біздерде жастар да бар, келіндер де бар, әжелер тобы да бар, сондықтан осы кісілер бір бірінен көріп, жастар үлкен әжелерінен көрсе, әжелер жастарды сүйсініп қарап отыратын

Үлкеннен өнеге болып қалар салт-дәстүрлеріміз де көрсетілді. Ер жігіттің серігі, шаңырақтың киесі қамшыны өру салты, құрт жаю тәсілдері, қолөнер үлгілері де көрініс тапты .

ҚАЙЫРЖАН АХМЕТОВ, «КӘУСАР БҰЛАҚ» АТАЛАР-ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ АРДАГЕРІ

Мен өзім енді білесің өзің қамшы өру, қамшы туралы айтамын. Сол ана Құдайберген деген ағаларың ол кигіз үй туралы, ер тоқым туралы қазақтың сондай қолдан істеген, ана «Кәусар бұлақ» мектебінің әжелері өзің білесің ұршық иіру, құрт жаю, кесте тігу, қолөнер мен жаңағы тақия неше түрлі қамзолдарды тігіп, соларды көрсетіп, үйретіп өткен жағдайымыз бар

Шара барысында ата-әжелерміз бен қатар орта буын өкілдері мен жастарымыз да ат салысып түрлі әндер шырқалды.

ДИНА ЕРЖАНОВА, «НҰР АНА ӘЛЕМІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ МҮШЕСІ

Іс –шараға әжелеріміз, келін, қыз-келіншектері бәрі бірлесе қатысады. Әжелеріміз ән айтып, сахнада өлеңдерін шырқаса, басқа да келіндеріміз, қыздарымыз, әжелеріміз өзінің қолөнерлерін көрсетіп жатыр

Сонымен қатар «Кәусар бұлақ» мектебінің ата-әжелері шығармашылығы нәтижесінде түрлі көрмелер де ұсынылып отыр. Көрермен мен ұрпақтың білімді болуы қазіргі маңызды мәселелердің бірі дейді әжелеріміз.

ҒАЛИЯ СҰҢҒАТОВА, «КӘУСАР БҰЛАҚ» АТАЛАР-ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ МҮШЕСІ

Біздің бүгінгі қазақи құндылықтар әдет ғұрып, салт дәстүр оның ішінде жаңағы көріп отырсыздар, бізде көрмелер, астар және де қамшы өру, бұл апа мен аталардың мынау жастарға беріп жатқан тәлім- тәрбиесі деймін. Өйткені қазіргі кезде біздің ұрпақтың тәрбиелі болуы, білімді ең маңызды мәселе деп ойлаймын. Сондықтан біздің ата-әжелеріміздің ұрпаққа берері мол

Айта кетейік, «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігі қаламыздың барлық білім ошақтарымен жұмыс жасайды. Осы арқылы оқушыларға көнерген дәстүрлерімізді үйретіп, шаралар өткізуде.

Салтанат Бауыржанқызы