Қаламыздағы №25 мектептің жазғы «Күншуақ» лагеріне 400-ге жуық оқушы барады. Олардың демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады. Келесі сюжетке кезек берсек.

№25 мектептің жазғы лагері әдеттегідей маусым айының басында жұмысын бастады. Лагерьдің жоспарына сәйкес түрлі шаралар ұйымдастырылады. Кезекті жобалардың бірі – «Екі жұлдыз» сайысы.

Сайысқа «Күншуақ» лагерінің оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.

ӘСЕЛ БОТАЕВА, ҚАТЫСУШЫ

Қадырхан Айзере сіңлімменен бүгін екі жұлдыз сайысына «Фиксики» тобының атынан қатысып отырмыз. Мұндай отбаслысық сайыстар көптеп өте берсін дейміз. Арадағы қарым-қатынасты нығайта түседі.

«Мен және менің отбасым» медиажобасы аясында ұйымдастырылған «Екі жұлдыз» сайысының мақсаты – оқушы, ата-ана, мектеп байланысын нығайту. Жалпы шараға 16 оқушы ата-анасымен қатысып, бақ сынады.

ЖАНАТ МҰСЛИМОВА, №25 ЖОББМ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ БАСШЫСЫ

Мектеп жанындағы «Күншуақ» лагеріне 380 бала келеді. Соның ішінде 28 бала аз қамтылған, 40 бала көпбалалы отбасыдан. Қызықты өткізу үшін театр, мұражайға барыпа жатырмыз. Сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жатырмыз.

Айта кетейік, жазғы лагерь оқушылардың ойынан шығып, ұнап жатыр екен.

НҰРИСЛАМ АЗАМАТ, №25 ЖОББМ ОҚУШЫСЫ

Маған «Күншуақ» лагерінде ұнайды. Біз театрға, бассеинге саяхатқа шығамыз.

АЙЫМ АСҚАР, №25 ЖОББМ ОҚУШЫСЫ

Маған ұнайды. Мен лагерьді жақсы көремін. Ббізде қызықты іс шаралар өтіп тұрады. Күншуақ лагері кереме ұйымдастырылған.

ИБРАҺИМ АЛПЫСБАЙҰЛЫ, №25 ЖОББ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ

Мен лагерьге төрт жыл қатарынан қатысып жүрмін. Мен достарымен келіп кетемін. Бассеинге де бардық.

Павлодар облысы бойынша 1 маусымнан бастап 782 мектеп жанындағы, қала сыртындағы және бейінді лагерьлер ашылып, жұмысын бастады. Оған 109 мың оқушы барады.

Самал Қалиқызы