Ақтоғай ауданы Қараоба ауылының тұрғындары зор қуанышқа кенелді. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ауылда күрделі жөндеуден өткен фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Тақырыпты тілшіміз жалғастырсын.

Былтыр Ақтоғай ауданының денсаулық сақтау саласы үшін табысты жыл болып, үш ауылда дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткен. Биыл олардың қатарына Қараоба ауылы қосылды. Қайта ашылған медициналық пункттің ашылуына аудан әкімі Қаршыға Арынов қатысып, тұрғындарды құттықтады.

ҚАРШЫҒА АРЫНОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Күрделі жөндеуен кейін медициналық пункт ғимаратын пайдалануға беру халыққа медициналық көмек көрсету сапасына оң әсер ететініне және уақытылы медициналық-санитарлық көмек көрсетілеті деген сенімдемін. Құрметті жерлестер, сіздерге смықты денсаулық, сәттілік, отбасыларыңызға табыс, бақ-береке тілеймін!

Жөндеу жұмысы осы жылдың 18 сәуірінде басталған. Облыс бюджетінен 68 миллион теңге бөлініпті. Қаражатқа нысан толық жаңғыртылып, жаңа кейіпке енді.

МАДИНА САБЫРОВА, АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Мұнда жедел көмек керек науқасқа көмек көрсетуге арналған сүзгі кабинеті, дәрі егуге арналған емдеу кабинеті бар. Сондай-ақ балалар мен ересектерге екпе салу бөлмесі пен әйел адамдар жоспарлы түрде көмек алатын акушерлік кабинет жұмыс істейді. Бұл объект толығымен жөндеуден өтті. Тек қабырғалар қалды. Ал еденнен бастап төбеге дейін барлығы жаңартылды.

Ем-дом көрсететін ғимараттың жаңартылғанына ауыл тұрғындары дән риза.

Олар медициналық пунктке жүгінетін жандар аз болсын, тек тексерілу үшін келейік деген ниеттерін білдірді.

ТЕМІРБАЙ ТАСКЕНОВ, ҚАРАОБА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Медициналық пункт ашылып жатыр, міне, көптен тосқан. Бұрынғы больницамыз 70-жылдары салынған-ды. Міне, 50 жылдан асып кетіпті. Тозып... іші салқын болатын. Қазір жарық, ішінде суы бар, әжетхана бар. мамандарға бүкіл жағдай істелінген. Осылай енді біз – зейнеткерлер ауырмайық. Жай тек профилактикаға келіп отырайық. Әрі қарай жалғаса берсін.

Қазір Қараоба ауылында 666 адам тұрады. Қайта ашылған пункт барлық тұрғынға сапалы көмек көрсетуге дайын.

Жұлдыз Қабылденова