Екібастұз қаласында мүгедектігі мен психоневрологиялық ауытқушылықтары бар адамдар шығармашылықпен айналысады. Шаһардағы «Өмір» оңалту орталығы 10 жылдан бері қоғамның ерекше адамдарына бейімделуге, дамуға мүмкіндік беріп отыр.

Светлана Качура мүмкіндігі шектеулі азаматтармен 30 жылдан бері жұмыс жасайды. Оның еңбегі «Жан шуақ», «Жомарт Жүрек» жоғары дәрежелі наградаларымен марапатталды. Жылдар бойғы қызметі «Өмір» шығармашылық оңалту орталығында жалғасты.

СВЕТЛАНА КАЧУРА, «ӨМІР» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Біз жастар мен кәрілерге барынша ыңғайлы жағдай жасауды мақсат еттік. 2016 жылы Қазақстандағы ең үздік әлеуметтік бағыттағы ұйым наградасына ие болдық. Өкінішке қарай бұл дәрежедегі марапатты қайталай алмадық, себебі ол бір рет қана беріледі. Жұмысымызды әрі қарай дамытып жатырмыз.

 Сонымен қатар, ұйымда өте жауапты, адал медициналық және педагогикалық ұжым еңбек етіп отыр. Олардың қатарында Айгүл Аралбаева да бар. 7 жылдан бері мүмкімдігі шектеулі азаматтар үшін ең үздік тәлімгер және дос болып кетті.

АЙГҮЛ АРАЛБАЕВА, «ӨМІР» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ

Мен осы өмір оңалту орталығында 7 жылдан бері жұмыс жасаймын. Осы жұмысым маған ұнайды. Көмегімді көрсетемін. Дамуына көмек көрсетемін.Балалар бір бірімен танысып, уақыт өткізеді. Кинттеатрға, экскурсияға барамыз. Мында әртүрлі үйірмелерге қатысады. Сол арқылы балалардың дамуына біз өз үлесімізді қосамыз.

Сонымен қатар, медициналық және әлеуметтік көмек көрсетумен қатар қызметкерлермен құқықтық және экономикалық қолдау көрсетіледі. Қазіргі таңда орталықта 102 ересек және 60 бала бар. Жобаға сәйкес 14 мүмкіндігі шектеулі тұлға екі қолға бір кұрек алды, 8-і шаңырақ көтерді.

МАҚСҰТ ЖҰМАҒОДЖАЕВ, ҚЫЗМЕТ АЛУШЫ

Мен осы жаққа жаңадан келдім. КЕлгеніме 4 күн болды. Біз осында декорға, автомоделирование қатысамиын. Келгеніме қуаныштымын. Спортпен айналысамыз. Тамағымыз жақсы. Тігінге барамыз. Сурет саламыз. Бізге ұнайды мында. Кішкене қиындау бірақ үйреніп жатырмыз соны.

Осыдан бір жыл бұрын орталық – егде жастағы адамдарға көмек көрсетуді қолға алды. Мында үлкен адамдарды тек күтіп қана қоймайды, олар мәдени және спорт шараларына қатысады. Мемлекеттік портал арқылы мекемеге облыстың кез келген көмекті қажет ететін тұрғыны келе алады.

Самал Қалиқызы, Анастасия Ерш