Қазақ мәдениеті көп қырлы, сан салалы. Ежелден келе жатқан салт-дәстүріміздің бірі Қымызмұрындық тойы. Мұндай шара Ақсу қаласында аталып өтті.

Құлын байлап, бие сауылып, алғашқы өнімі бапталып, ашытылған. Одан кейін ауыл халқына той жасалып, алғашқы қымыздан дәм татқан. Қымызмқрындық дәстүрі дегеніміз осы. Ақсуда «Нұр-Ана» әлемі қоғамдық бірлестігі мен Ақсу қаласындағы шаруақожалықтың бірі ұйымдаса отырып, қымызмұрындықта орындалатын салт-дәстүрлерді кеңінен дәріптеді.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА» ӘЛЕМІ ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Бұндағы біздің мақсатымыз қымызмұрындыққа дейін қымызды қалай дайындау керек және оны қалай сауу керегін қымызмұрындық тойында көрсете алмаймыз. Және мынадай жайлаудағы Қайыржан атаның қожалығын естіп келіп, сол кісінің ұрпақтарының осындай еліне жасап жатқан қызметін көрсетейік, ұлттық ойынды, салт-дәстүрді сақтап келе жатқан ұрпағымыз бар екендігін көрсетейік деп келдік

Қазақ сан ғасырдан бие сауып, қымыз ашытады. Жайдарлы жаз келісімен жайлауға аттанған. Көрші қолан шақырып, бір-біріне бал қымыздан дәм татқызған.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ТІЛШІ

Қымызмұрындық бұл алғаш бие абайлап, оны сауу дәстүрі. Қазір менде бұл дәстүрді байқап көріп жатырмын. Бұл сүт сосын күбіге құйылады. Қымызмұрындық қазақтың қонақжайлығын, оның жомарттылығын меңзейтін дәстүр екен

Қайыржан Ахметов «Кәусар бұлақ» ата мен әже мектебінің мүшесі. Ол бүгінде ұлдары мен келіндеріне, немере-жиендеріне барлық салт-дәстүрді үйретіп келеді.

Меймандарға арнап қыстан қалған сүрет асылып, дастархан молынан жайылды.

ДҮЙСЕНБЕК АХМЕТОВ, «АЙДАБОЛ» ШАРУАҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бұл енді әкеміздің арқасы. Бала кезімде әкем главнй бугхалтер болды. Бие саууды біз Қазанда тұрғанда бастағанмыз, мен 5-6 сынып оқығаннан бастап саудым. Ол кезде шешешм марқұм тірі. Одан кейін Жалтыр совхозы болған, соған көшіп келгенде де саудық.Содан бері міне ата кәсіп дейді ғой, әкейдің арқасында. Қызметте істедік, Ақсуға көшіп келгелі міне 13 жыл болды, істемеген сала жоқ. Завод, Грес бар. Бірақ ондай жерлерде істей алмадым, өзімді таба алмадым. Содан кейін осы ұлым дүниеге келді, бір биені асырап , ақырын-ақырын өрбіп келе жатырмыз осы бие мен саумалдың арқасында

Өз кезегінде әулет келіндері де қымызды баппен ұстайды. Барлық салт-дәстүрлер туралы білеміз дейді.

АЙЖАН АХМЕТОВА, ҚАЙЫРЖАН АХМЕТОВТІҢ КЕЛІНІ

Қазақ халқы болғаннан кейін әртүрлі салт-дәстүрлеріміз. Ұлттық ойындарымыз, ұлттық құндылықтарымыз өте көп. Сондықтан, міне, бүгін балаларымыз бес асық , тоғызқұмалақ ойынын көрсетіп жатыр. Бұлардың барлығы адамды адамегршілікке,ақылдылыққа, шапшаңдыққа, мейірімділікке баулиды

Ғасырлар бойы құндылығын жоймаған қымызды дәріптеп, мұндай шара өткізіп тұрудың маңызы зор. Айта кетейік, Қымызмұрындық тойы алдағы уақытта Астана қаласында жалғасын табады.

Қымбат Садық