Көктөбе ауылының оқушылары күзгі демалыс уақытын пайдалы әрі қызықты өткізді. Олар түрлі үйірмелерге қатысып, өз қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта өтетін жарыстарға дайындалды. Көктөбе жалпы орта мектебінде бүгінде 394 оқушы білім алуда.
Білім ордасының іргетасы 2008 жылы қаланған. Ал 2024 жылы Көктөбе мектебі Қазақстан халқы әлеуметтік қорының «Ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасына қатысты. Оның нәтижесінде 250 миллион теңге сомасына білім ордасы жаңғыртудан өтіп, жаңа келбетке ие болды. Бұған қоса, заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.
Сандуғаш Ельшебаева, Көктөбе ЖОББ мектебінің директоры
Каникул уақытында мектебіміз балаларға тиімді уақыт ұйымдастырып оытр.Оның ішінде асық ату, баскетбол, валейбол, арт стидуя, технология, стем зертханасы және работатехника үйірмелері бар.Үйірмелерге оқушылар 100 пайыз қатысып жатыр деп айта аламын. Әрбір оқушының өз жеке қызығушылығына байланысты.
Арт студия – биыл ғана ашылғанымен, аз уақыт ішінде айтарлықтай жетістіктерге жеткен шығармашылық орта. Қазір мұнда екі топ – үлкендер мен кіші топ жұмыс істейді. Жалпы 20ға жуық оқушы бар . Оқушылардың туындылары аудандық және республикалық байқауларда жүлделі орындар алып үлгерген.
Сағындық Әсенов, өнер студиясының жетекшісі
Биыл күзде 2 оқушымыз республикалық конкурстан орын алды. Тағы бір оқушымыз міне облыстық конкурсқа дайындалып жатыр. Оқушылардың қызуғышылақтары бар. жалпы балалардың қабілеті ынтағы ұнайды маған суретке деген.
Технология мен жаңашылдықты ұштастырған STEM-зертханасы – мектептегі ең танымал үйірмелердің бірі. Мұнда оқушылар робототехника негіздерін меңгеріп, тәжірибелік жобалар жасап, түрлі ғылыми байқауларға дайындалып, қатысады.
Інжу Бейбіт, 8- сынып оқушысы
Біз мұнда роботтармен жұмыс жасаймыз. Оны легомен құрастырамыз. Әр түрлі республикалық байқауларға қатысамыз. Содан кейін биохимиялық заттарды зертханада жасаймыз. Бұл болашақа апарар жол деп есептеймін. Себебі работатехника қазіргі заманда дамып жатыр.
Мектеп өміріндегі мұндай бастамалар оқушылардың тек білімін ғана емес, өмірлік дағдыларын да қалыптастырады. Ата-аналар да балалардың белсенділігі мен қызығушылығына дән риза.
Саят Сейілханов, ата-ана
Өте керемет пайдалы шаралар. Себебі балалар шынығады. Бір жағынан оқу қабілеті артады. Өз ойларын ашық айтады. Ары қарайда жалғасын тапса деген үміттеміз. Бәрі жақсы.
Көктөбе жалпы орта мектебінің оқушылары күзгі демалыс уақытын мағыналы әрі пайдалы өткізді. Түрлі үйірмелер мен шығармашылық бағыттағы жұмыстар балалардың жаңа қырларын ашуға мүмкіндік берді.Бүгін оқушылар жаңа серпінмен екінші тоқсанға аяқ басты.
Дильназ Қуанышбекқызы