Облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция қызметкерлері тұрғындар мен қала қонақтарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге ауа райының өзгерісін бақылап, SMS-хабарламаларға назар аударуға, жол жабылған жағдайда сапарға шықпауға кеңес береді.

Сондай-ақ ауыл тұрғындарына да алыс қашықтыққа жаяу шықпау ұсынылады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, автожолдарда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тәулік бойы 250-ге жуық полиция қызметкері мен 90 қызметтік көлік кезекшілік атқарады. Жол сақшылары барлық бағыттағы жолдарда қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Мадияр Нұрмағанбетов, Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасының инспекторы

Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары. 4 қараша 2025 жылы ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жел, жер тайғақ, қар, алыс жолдарға шықпауларыңызды сұраймын.

Төтенше жағдай туындаған кезде бірден 112 бірыңғай құтқару нөміріне немесе 102 полиция нөміріне хабарласу қажет.

Сабина Жолдаспаева