Екібастұз құтқарушылары жертөлеге құлап кеткен зейнеткерге көмектесті. 112 пультіне Амангелді көшесінде орналасқан жеке үйлердің бірінде ер адамға көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Белгілі болғандай, 1956 жылы туған қарт адам жертөлеге құлап, алған жарақаттарына байланысты өздігінен шыға алмаған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері альпинистік және арнайы жабдықтардың көмегімен жәбірленушіні көтеріп, зейнеткерді жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Құтқарушылардың кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында ер адамға дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.

Сабина Жолдаспаева