Өңірімізде инновациялық Pavlodar Hub қолдауымен алғаш рет оқушыларға арналған School Hackathon технологиялық байқауы өтті. Бұл шара балалардың инженерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Тапсырма бойынша қатысушыларға нақты тақырыптар берілді. Олар заманауи технологияларды қолдана отырып, өз жобасын ойлап тауып, оны жүзеге асырады. Команда құрамы 2-4 адамнан тұрды.

Нұргүл Джумадиева, Павлодар hub басшысы

Бүгін Павлодарда мектеп оқушыларына арналған алғашқы скул хакатон басталды. Бүгін алғашқы рет мектеп оқушыларымен өткізіп жатырмыз. Басты мақсаты облысымызда айти және цифрлық саланы дамыту. Қазір қатысушылар өз тапсырмаларын алуда. Олар 2 жас санатында бөлінеді. 10нан-14ке дейін жастары және екінші топ 14тен 18ге дейін. Әр команда үшін сыйлық қоры 100 мың теңге.

12 сағатқа созылатын хакатон барысында қатысушылар түрлі IT бағытындағы тапсырмаларды орындайды. Әр команда өз идеясын ұсынып, жобаның нұсқасын жасап шығу керек.

Нұрали Есентай, 8-сынып оқушысы, қатысушы

Мен осы хакатонға бірінші рет қатысып отырмын. 3 рет осындайға ұқсас программалыққа қатыстым. Менің ойымнша осы жерде сайт немесе приложение жасаймыз. Мысалы, еріктілерге арналған. Менің командамда 2 адам. Мен және менің ағам.

Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған командалар марапатталады. Ал барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталады.

Сабина Жолдаспаева