Жедел респираторлық вирустық инфекциялар — маусымаралық кезеңде жиі тіркелетін ауру түрлерінің бірі. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы апталарда тұрғындар арасында вирус жұқтырғандар саны артқан. Мысалы, жедел жәрдем шақыру 15 пайызы дәл осы ОРВИ жағдайларына тиесілі.
Мамандардың мәліметінше, вирус көбінесе ауа-тамшы жолы арқылы тарайды. Әсіресе балалар мен егде жастағы адамдар арасында жиі кездеседі. Дәрігерлер ата-аналарға өз бетінше ем қолданудан сақ болуды ескертеді.
Жасұлан Қалымтаев, №3 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері
Енді қазір ең жиі кездесетін негізі жедел респератолық вирустық инфекциялар. Қазіргі кезде бұ инфекцияны ОРВИ,ЖРВИ дейді. Мысалы қазір аймақта көптеген шақыртулар балаларға арасында кең таралып жатыр. Көбінесе негізі біз практикада көріп жүрміз ғой ата-аналар бір еммен емдейді де, бірақ сонда да көптеген асқынулар болып жатыр. Асқыну келгеннен кейін біз емдеп күрсеміз.Яғни оны айтқан себебім ата-аналар бірдей ем қолдана береді.
Мамандардың айтуынша, дәрі-дәрмекті шамадан тыс қолдану бала ағзасын әлсіретіп, иммундық жүйенің табиғи қорғаныс қабілетін төмендетуі мүмкін. Ал кез келген аурудың алдын алуда ең маңыздысы – дұрыс күтім мен иммунитетті күшейту. Қала тұрғындарының вирустан қорғану тәсілдері де әртүрлі.
Дәрігерлер тұрғындарға жеке бас гигиенасын сақтау, жылы киіну және иммунитетті күшейтудің маңыздылығын еске салады. Ал тұмау белгілері байқалған жағдайда өз бетімен ем қолданбай, уақытылы медициналық көмекке жүгінген жөн.
Дильназ Қуанышбекқызы