Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Халықтың бірлігі – өркендеудің негізі» атты этникалық мәдениеттер фестивалінің қорытынды гала-концерті өтті. Шараға облыстың қалалары мен аудандарынан келген шығармашылық ұжымдар және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Фестивальдің мақсаты этносаралық келісімді нығайтып, мәдениеттердің өзара байланысын көрсету. Сондай-ақ, халық шығармашылығын қолдап, этномәдени ұжымдардың кәсіби деңгейін арттыру. Шара барысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтап, оның қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті.

Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Қазіргі кезеңде Қазақстан халқы ассамблеясы әлеуметтік пайдалы жобаларды іске асырады. Қайырымдылық пен волонтерлік пен этносаралық негізінде жанжалдарды алдын алумен, өскелең ұрпақты тәрбиелеумен айналысады. Қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Этностар арасында мемлекеттік тілді үйренуді танымал етеді. Салт-дәстүрлермен таныстырады. Тағы басқа да жұмыстар атқарады. Бүгінгі өтетін Халықтың бiрлiгi-өркендеудің негізі атты облыстық этнофестивальдің қорытынды гала концерті түрлі этностордың өнері мен салт-дәстүрлерін тоғыстырған татулық пен бірліктің мерекесі. Еліміздегі бейбіт өмірдің ортақ құндылықтарымыздың жарқын көрінісі.

Шарада 14 үздік этномәдени шығармашылық топ өнерін ұсынды. Барлығы 200-ден астам қатысушы би билеп, ән шырқап өз халқының мәдениеті мен дәстүрін таныстырды. Сонымен қатар, сәндік-қолданбалы өнер бағытында еңбегімен көзге түскен 7 шеберге арнайы марапаттар табысталды.

Нұрия Күбенова, Павлодар облысы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы

Біз жыл бойы қалалар мен аудандарға барып, іріктеу турларын өткіздік. Барлығы 770-тен астам өнерпаз қатысты. Бүгін гала-концертке ең үздік шығармашылық топтар жиналды. Әр ұжым өз халқының мәдениетін сахналық композиция арқылы көрсетеді.

Қатысушылардың арасында көп жылдан бері өнер көрсетіп жүрген ұжымдар, алғаш рет қатысқан жаңа этномәдени бірлестіктер де бар. Барлығы бір сахнада бас қосып, өз мәдениетін паш етті. Әр топ халықтың салт-дәстүрін, ұлттық киімдері мен музыкалық мұрасын көрсетті.

Алена Ширяева, Успен ауданының молдаван этномәдени бірлестігінің өкілі

Біздің бірлестіктің құрылғанына биыл 5 жыл болды. Қатысушыларымыз аз болса да, мәдениетімізді барынша көрсетуге тырысамыз. Бүгін облыстық кезеңге өтеміз деп күтпеген едік, қуаныштымыз. Біз молдавян әндерін орындаймыз және өз дәстүрімізді көрерменге таныстырғымыз келеді.

Фестиваль қорытындысында жеңімпаздарға естелік сыйлықтар, дипломдар және алғыс хаттар табысталды. Өнер көрсеткен әр ұжым сахнада өз шығармашылығын паш етіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Гала-концерт облыстағы этнос өкілдерінің татулығын, бірлігін және достық қарым-қатынасын айқын көрсетті.

Сабина Жолдаспаева