Баянауыл ауданында соңғы жылдары жас мамандар саны артып келеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында олар ауылдың әлеуметтік дамуына өз үлесін қосуда. Сонымен қатар, ауданда туризмді дамыту бағытында жаңа визит-орталықтың құрылысы аяқталуға жақын. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Ауданға келетін жас мамандар саныда артып келеді, солай өз үлестерін қосуда. Жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша оларға көтерме ақы, тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігі ұсынылуда. Бұл шаралар ауылға келген жастардың тұрақтап қалуына үлкен септігін тигізіп отыр.

Төлеген Ахаев, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің басшысы

Жас мамандарға мынадай жақсы қолдау бар, 100 АЕК есебінде жалақы ала алады. Яғни көтерме жарналарын алады. Қазір құжаттарын тапсырып жатыр, қаңтар айында соны ала алады. Ауылдық және аудандық жас мамандарға үй салу, үй сатып алуда жасалып жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бар. 2500 мрп пайызсыз кредит беріледі 15 жылға, үкіметтен осындай үлкен көмек бар.

Баянауыл ауданында туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа, заманауи визит-орталық салынып жатыр. Жаңа нысан тек туристерге ғана емес, жергілікті экономиканың дамуына да оң ықпал етпек. Қосымша жұмыс орындары ашылып, қызмет көрсету саласы жанданады..

Еркін Арыстанбеков, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

Биыл басталды, негізі жоба екіжылдық. Бірақ осы жылдың аяғына дейін толық бітеміз деп жоспарлап отырмыз. Жалпы, туристер келгенде біздің көркем сұлу табиғатымызбен танысып, қандай сакральды орындар бар, демалыс үйлері туралы компьютермен ақпарат алып, ол жер боспа, бос емеспе деген мақсатта туристерге арналып істеліп жатыр.

Айта кетейік, визит-орталық ауданға кіреберісте, қолайлы жерде орналасқан. Бірқабатты нысан туристік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған, қазір маңызды жоба аяқталуға жақын.