Ақсу қаласында халықаралық ERG SKILLS конурсы басталды. Оған әртүрлі кәсіпорындардың жұмысшы жастары мен жұмысшы мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттер қатысуда. Шараның ашылу салтанатына біздің түсірілім тобы да куә болып қайтты.

Қатысушы командалар салтанатты түрде ортаға шығып өздерін таныстырды. Барлығы да жұмысшы кәсіптің қыр-сырын жетік меңгерген жастар. Бүгінгі сайысқа бар шеберліктерін шыңдап, жеңімпаз атануға үлкен құлшыныспен келген. Еліміздің әр облысындағы кәсіпорын мен кәсіптік колледж өкілдерінен бөлек, Қытай халық республкиасының жұмысшы шеберлерінің командасы да дүбірлі жиынға ат басын бұрыпты. Қатысушыларды алдымен Ақсу қаласының әкімі құттықтап сөз алды.

Биыл жұмысшы мамандықтар жылы екені баршаға аян. Осы тұрғыда бұл байқаудың мән-маңызы арта түспек. Ақсу қаласындағы конкурсқа келген аранйы келген 200 ге жуық қатысушы бес күн бойы өз шеберліктерін ортаға салады.

Дүйсен Мерғалиев, «ЕЭК» АҚ бас директоры

ERG SKILLS конкурсының жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтіп жатқаны үлкен мәнге ие. Жұмысшы мамандықтар жылы бұл - Президентіміздің бастамасы. Мемлекет басшысының жұмысшы мамандардың мәртебесін көтеру, кәсіби білімнің сапасын арттыру мақсатында туған тамаша бастамасы. Бүгін міне ел өнеркәсібінің болашағы болатын көптеген жастарды көріп отырмын. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Осы бес күн шабытқа толы болсын! Кәсібиліктеріңіз үшін, конкрусқа қатысып, идея алмасып жатқандарыңыз үшін рахмет!

Қатысушылардың шеберлігіне, жұмыстарының сапасына арнайы сарапшылар баға береді.

Александр Конев, сарапшы

Бағалау өте өиын болайын деп тұр. Бәрі де шеберліктері шыңдалған мамандар екені көрініп тұр. Десе де тәуелсіз түрде өз бағамызды береміз.Бұл қала тұрғындары үшін үлкен мейрам дер едім. Халықаралық жарыс. Бұндай шара қала үшін, қатысушылар үшін өте маңызды.

Қатысушылардың құлшынысы зор. Бәрі де жоғары деңгейдегі дайындықпен келгендерін айтуда. Жарысқа тек жеңу үшін келдік дейді.

Еламан Әшірбекұлы, қатысушы

Жалпы біз дәл осы жарысты естіген кезде колледж болып жиналдық. Қатысушылардың тізімін реттедік. Сосын дайындықты бастады. Өте жоғары дайындықпен келдік. Жүлделі орынмен қайтамыз деген ойымыз бар. Маркшейдерлік іс мамандығы бойынша келдім. Өлшемдерді алып, ары қарай өңдеп, жұмыс істейтін боламыз. Қарсыластарымыз мықты. Олардан қалай да озып шығуымыз керек.

Халықаралық конкурс 12 бағыт бойынша ұйымдастырылуда. Жарыс шеберлердің басын қосып қана қйомай, олардың әрмен қарай дамуына, кәсіби тұрғыда жетілуіне жол ашпақ.

Жанасыл Серікбол