Отбасы банкі «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламаларының жаңа кезеңін іске қосты. Бұған дейін тек наурыз айында өткізілетін жобаға биыл қосымша қаржы бөлініп, тағы бір кезеңде іске қосылып қараша айына дейін жалғасады. Бағдарламаға өтінімдер Baspana Market онлайн-платформасы арқылы қабылдануда.

«Наурыз» бағдарламасы еліміздің барлық өңірлерінде бастапқы және екінші нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарна 10 пайыз, ал құрылыс аяқталмаған немесе әрленбеген пәтерлер үшін 20 пайыз көлемінде белгіленген.

Мейрам Бағадатов, «Отбасы банк» АҚ ПОФ-ның баспасөз-қызметінің басшысы

Кім қатыса алады? Отбасы банкінің барлық депозит ұстаушылары қатыса алады. Оның ішінде 2 млн теңге астам қаражат сақталуы қажет. Және 5 жыл ішінде пәтер алушының атында үй болмауы керек.Оның барлығын біз тексерміз. Және өтінішті баспана маркет порталында бере алады. Бұл бізде отбасы банк сайты. Тұрғын үй құрылыс салынып жатыр.

Несие мөлшерлемесі әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін 7 пайыз, ал өзге қатысушылар үшін 9 пайыз көлемінде. Максималды несие сомасы аймақтарда 30 миллион теңге болса, Астана мен Алматы қалаларында 36 миллион теңгеге дейін беріледі. Несие мерзімі 19 жыл.

Бағдарламаға өтінім қабылдау 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Толық ақпарат пен кеңесті Отбасы банкінің барлық аймақтық бөлімшелерінен алуға болады.

Дильназ Қуанышбекқызы