Баянауыл ауданында білім беру инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүйелі түрде іске асып келеді. Биыл бірқатар мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келер жылы Майқайың кентінде жаңа өнер мектебі салыну жоспарда бар. Толығырақ алдағы сюжетте.
Баянауыл ауданында биыл Егіндібұлақ, Шәкен Айманов, №2 Майқайың мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кабинет жиһаздары жаңартылды. Келесі жылы екі мектепте күрделі жөндеу, бір мектепке ағымдағы жөндеу жасау жоспарланып отыр.
Төлеген Ахаев, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің басшысы
Бұл күрделі жөндеу реновация бағдарламасы аясында жасалынды. Бұл өте жақсы бағдарлама, білім сапасына жақсы әсерін тигізеді. Неге десеңіздер, мектептің тек ғана қабырға, еденінің күрделі жөндеуі ғана емес, оның ішінде материалдық базасы бірге енгізіледі. Ішкі жабықтары, парта-тақталары бар. Біз тамыздың 15-інде толық 100 пайыз аяқтадық. Білім сапасы қазіргі таңда жақсы. Ол күрделі жөндеу, материалдық база бәрі әсер етеді. Қазір Баянауыл бойынша 9 мектептің материалдық базасы толықтай жабдықталған. Сол материалдық базаны қазіргі заманауи бағдарламаған сай жабдықталатын болса балалардың білім сапасына әсері оң тиеді деп олйаймын.
Өңір басшысы мамырда жұмыс сапарымен Баянауыл ауданында бірқатар нысандарды аралады. Соның ішінде 1958 жылы салынған Майқайың кентіндегі балалар музыка мектебінің ғимараты бар. Екі қабатты мектеп ғимараты апатты деп танылған және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты оны бұзу және жаңа, заманауи оқу кешенін жобалау туралы айтты
Төлеген Ахаев, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің басшысы
Бұл жерде қазір қажеттілік бар. Қазір бізде үй тәрбиесінде отырған 109 бала бар, 2 жас пен 4 жас аралығындағы, балабақшаға қажеттілік бар орталықта. Ал Майқайың кентінде ол бұрынғы ескі ғимарат болғаннан кейін, апаттық жағдайда болған соң қазіргі таңда біз оны ұсынысқа жібердік. Қажеттілік болғаннан кейін, облыс әкімінің тапсырмасы бар, сол бойынша онда жаңа ғимарат бой көтереді деген ой бар, жоспарда бар нақты.
Қазіргі уақытта 313 бала шығармашылықпен Майқайыңдағы «Кенші» мәдениет үйінің ғимаратында айналысуда. Өңір басшысының тапсырысы алдағы уақытта орындалмақ.
Қымбат Садық