Биылғы жылдың 10 айында Павлодар облысында 2 мыңға жуық интернет алаяқтық фактісі тіркелген. Оның бес жүзден астамы үш жарым миллион теңгеден асатын ірі мөлшердегі фактілер. Алдын-алу шаралары жасалып, ақпарат жүргізілгенімен, алаяқтық күн санап үдеп барады.
Биылғы он айдың ішінде жасалған 1973 интернет алаяқтығының тек 18,5 пайызы ғана ашылған. Яғни, 283 і ғана сотқа жолданыпты. Алдаудың тәсілі біреу ғана. Әр түрлі мекемелердің атынан, құқық қорғау органдарының атынан қоңырау шалып, жіберілген смс хатты растауды сұрайды. Осылайша сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізеді. Бір сөзбен айтқанда бәрін сіздің өзіңізге істететі.
Сұлтанбек Қадыржанов, Павлодар облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі
Сондықтан, белгісіз смс теріп жауап бермеу керек. Белгісіз адамдармен де сөйлеспеңіз. Әсіресе, сіздің жеке деректеріңізді сұраған адамдарға жауап қатпаңыз. Әрқашан ұқыпты, сақ болған жөн.
Құқық қорғау органдары қаржы пирамидалары мен жалған инвестициялардыңа көбейгендігін айтады. Көбінесе адамдар жалған сайттардан «ақша табуға» тырысып, миллиондаған теңгесінен айрылып қалады.
Сұлтанбек Қадыржанов, Павлодар облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі
Бір-екі күн бұрын алаяқтар бір әйелге телефон соғып, 3000 доллар пайдаға уәде беріп, инвестициялық жобаға қаржы салуды ұсынған. Ол төрт миллион теңге несие алып, ақшаны қауіпсіз делінген есепшотқа аударған. Жалған табыс шынымен есепшотына түскен. Бірақ көп ұзамай менеджерлер қоңырау шалып, ақшаның қате жіберілгенін айтып, қайтадан аудару керек екендігін айтқан. Осылайша әйел барлық ақшаны алаяқтарға аударып жіберген. Алданған әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болған жерінен табылды. Абырой болғанда дереу құтқарылып, қазір психологиялық көмек көрсетілуде.
Павлодар облысында күн сайын 3 тен 5 ке дейін жаңа онлайн алаяқтық оқиғасы тіркеледі. Келтірілген ең аз шығын 80 мың теңге болса, ең ірі көлемдегі шығын 90 миллион теңгеге дейін. Бір жыл ішіндегі жалпы шығын 3,5 млрд теңгеден асқан.
Жанасыл Серікбол