Павлодар облысында кене риккетсиозының 3 жағдайы тіркелді. Қазір науқастардың жағдайы қалай? Жалпы өңірдің өрмекшітәрізділері қаншалық қауіпті?
Өңірдің эпидемиологтары кенелер маусымы Павлодар облысында 12 сәуірде басталғанын айтты. Жыл басынан бері 70 адамда кене шағу фактісі тіркеліп, олар медициналық көмекке жүгінген. Бірақ облыстың өрмекшітәрізділері қауіпті емес дейді мамандар.
ҚҰРАЛАЙ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Біздің өңірімізде кездесетін кенелер бқлар аса қауіпті ауруларды тудырмайды. Оңтүстік өңірлерге біздің тұрғындар шығып тұрады. Ондағы кенелер түрлі ауруларды тудырады. Біздің облыстағы кенелер туляремия, кенелік рецитиоз аурын тудыруы мүмкін.
Облыста кенелер Павлодар, Ақсу, Аққулы, Шарбақты, Май аудандарының жайылмаларында көп кездеседі екен. Өңір аумағындағы кенелер кене энцефалиті ауруын тудырмайды, бірақ кенелік рекитсиозға шалдығуыңыз мүмкін. Былтыр 9 адамда кене рекитсиозы тіркелді. Барлық жағдайлар науқастардың сауығымен аяқталды. Биыл 5 айда кене рекициозының 3 жағдайы анықталды.
ҚҰРАЛАЙ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Бұл жеңіл түрде өтіп кетеді. Шаққан жері қызарады. Бөртпе пайда болады. Қышыну болады. Әрине инфекционист мамандарға жүгінген дұрыс.
Кене маусымы жаз бойы жалғасады, тек алғашқы қар түскенде ғана қауіпті кезең аяқталады дейді мамандар.
Самал Қалиқызы