Ас атасы – нан! Ал, тереңкөлдік кәсіпкер осы ас атасын пісіріп халыққа қызмет етіп қана қоймай, берекелі кәсіпке айналдырған. Сонымен қатар, мемлекеттің қолдауына да ие болған.

Эльмира Газимов бастапқыда кәсібін көлемі шағын тандырға пісіріп бастаған. Мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында берілген грант арқасында үлкен тандыр алып, кәсібін ұлғайтыпты. Қазір бір уақытта 600 ге дейін нан пісіріп халыққа сатады.

ЭЛЬМИРА ГАЗИМОВА, КӘСІПКЕР

Бастау бизнес...»Бастау бизнес» бағдарламасына қатысып, грант ұтып алдым. Грант көлемі 1 млн 400 мың теңге көлемінде. Бұл біз үшін үлкен қолдау болды. Мемлекетке алғыс айтамын.

Кәсіпкер өз ісін әрмен қарай дамытудың, кеңейтудің қамында. Өнімдерін дүкендерге таруға жол ашқан.

ЭЛЬМИРА ГАЗИМОВА, КӘСІПКЕР

Бастапқыда, әрине, қорқыныш болды. Пісірген нанымыз өте ме, жоқ па деген ойда болдым. Алғашында 50 бөлке ғана тандыр нан пісіріп көрдік. Осылайша, ісіміз ақырындап алға жүре бастады.

Кәсіпкер кез - келген істі бастау үшін батылдық керек дейді. Ал, қашанда қастерлі ас саналған нанға әрқашан сұраныс бар екендігін айтады.

Жанасыл Серікбол