Ақсуда балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі іс-шаралар легі өтіп жатыр. Бұл жолы оқушылар сурет салу, би және қолөнер бұйымдарын жасаудан өзара сынға түсті. Бұдан бөлек ауланы көгалдандыру жұмысына қатысып, спорттық жарыстардан да бақ сынады.

Ақсу қаласының білім беру бөлімі балалардың жазғы демалысын тиімді қамтуды мақсат еткен. Осыған орай бұл балалар арасында сурет салу және қолөнер бұйымдарын жасаудан сайыс ұйымдастырылды. Оған мектеп оқушылары қатысып, өзара бақ сынады. Балалар Астана күні мерекесіне орай өз қиялындағы әсем елорданы қағаз бетіне түсірді.

ЖАНСАЯ БОЛАТБЕКҚЫЗЫ, ОҚУШЫ

Астана туралы мен сурет салдым. Мен қуандым екінші орын алғаныма да. Мешітті салдым. 01-03 марапат алуға.

Бұдан бөлек лагерь жасындағы балалар арасында биден де сайыс өткізілді. Оған оқушылардан құралған би топтары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Үздік атанғандарға диплом мен заттай сыйлықтар табыс етілді.

АЙГҮЛ СМАҒҰЛОВА, АҚСУ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Би сайысы талантты бишілерді анықтап, оларды ынталандыруға бағытталған. Сайыс 3 кезең бойынша өтеді. Бірінші өздерін таныстырады. Екінші үй тапсырмасы бойынша сынға түседі. Үшінші әр ұлтың биінен попуури көрсетулері керек. Әдемі би билей білген топтарды анықтайтын боламыз.

Ал ұл балалар спорттық жарыстар да күш сынасты. Өзара командаға бөлініп, түрлі кедергілерден жүріп өтті. Эстафеталық ойын қызықты әрі тартысты өтті. Жарыста 3 команда бақ сынады. Ал жоғары сынып оқушылар «Жасыл ел» жасағында қаланы көгалдандыру жұмысына қатысты.

Оқушылар күніне 4 сағаттан ғана жұмыс істейді. Аулалардағы шөптерді шауып, ағаш, гүлдерді суаратын болады. Сол үшін оларға еңбекақы да қарастырылған.

Өзгеріс Қуанар, Евгений Олейник, ЕА Ақсу қаласынан.