Еліміздің әр жерінен жиналған 80-нен астам оқушы Ақордаға барды. Барлығы да республикалық, әлемдік білім додаларында топ жарғандар. Олардың арасында павлодарлық Вера Головчукте болды. Ол Ақордадан алған әсерімен бөлісті.

Вера Головчук - Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушісі. Музыка мектебін «фортепиано» аспабы бойынша бітірген. Көптеген олимпиадалар мен байқауларға қатысып, топ жарған. Оның белсенді болып, білім көкжиегін кеңейтуге ата-анасы көмектеседі. Ол бізге Ақордадан алған әсерімен бөлісті.

ВЕРА ГОЛОВЧУК, ҚАНАТ ДАРЖҰМАН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕКТЕБІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ

Ақордаға әркім бара алмайды. Мен үшін бұл үлкен жетістік болды. Іші өте әдемі екен. Кірген бетте үлкен холл. Сол жерде Президент келген қонақтарды қарсы алады. Ерекше әсер қалдырды. Ақорда деген үлкен бір Салтанат сарайы секілді.

Бұдан бөлек балалар Ақорда аумағын аралап көріп, саяхат жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесімен де танысты. Одан басқа Ақорда туралы қызықты мәліметтерге де қанық болды.

ВЕРА ГОЛОВЧУК, ҚАНАТ ДАРЖҰМАН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕКТЕБІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ

Ақорданың 2 және 3 қабатынан «Бәйтерек» монументі көрініп тұрады екен. Астананың сәулетін ерекше жобалаған. Осыған таң қалдым. Бізге осындай мүмкіндік сыйлаған жандарға алғысым шексіз.

2 күндік сапар барысында балалар Астанадағы ең көрікті жерлерді аралады. Оның ішінеде Президент орталығы, Ұлттық музей, «Нұр-әлем» павильоны бар. Ал барлық оқушыға Президент атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Өзгеріс Қуанар, Валентина Леонова