Мектеп жанындағы жазғы лагерьлер ұлттық құндылықтарға басымдық беретін болды. Енді ондағы қыздар бауырсақ пісіріп, құрт жасаса, ер балалар тоғызқұмалақ үйреніп жүр.

Ақсу ауылдық аймағына қарасты Үштерек ауылы мектебінде екі жазғы лагерь жұмыс жасайды. Бірі әскери-спорттық, екіншісі «Балбала» лагері. Қазір алғашқы маусым аяқталды. Екінші кезең жұмысын бастады. Лагерьге 50-ге жуық бала келеді.

СЫМБАТ ҚУАНХАНҚЫЗЫ, ОҚУШЫ

Мен мектепішілк лагерьге 2 ауысым бойы келіп жүрмін. Бірінші ауысым қызық болды. Мұғалімдер қызықты ойындар ойнатты. Асхана тағамдары өте дәмді. Қызықты ойындар өткізіледі.

Жазғы лагерьдің жұмысын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында педагогтар түрлі шаралар ұйымдастырады.Оның ішінде спорттық, би билеу, ән айту, сурет салу сынды үйірмелер жұмыс жасайды.

Бұдан бөлек, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ұлттық кодты қалыптастыру мақсатында қазақи нақыштағы дүниелер де қолға алынады.

МАРЖАН ҚАЛИЕВА, ҮШТЕРЕК АУЫЛЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

Мен өзім Үштерек аналар кеңесінің мүшесімін. Әсіресе бауырсақ пісіруге үйретіп, басқа ұлттық тағамдарды дайындайды. Қазақ салт-дәстүрлерін бәрін жасайды.

Бала тәрбиесінде ата-ана, мектеп, оқушы үштігі біріге жұмыс жасағанда нәтижелі болады. Сондықтан Үштерек ауылының мектебінде әкелер, аналар мектебі бары қуантады.

СӘУЛЕ ШАНШАРОВА, ЛАГЕРЬ ЖЕТЕКШІСІ

Біздің мектебімізде Даналық мектебі жұмыс жасайды. Аналар және әкелер мектебі деген. Бүгін аналар мектебі ақтан жасалатын тағамдарын жасауды көрсетті. Бізде бір жыл бойы жобамыз бар ата-аналармен байланыс жалғасып келеді. Балаларға ұнайды, үйде жасап көрдік, дәмді деп қуанып жатады.

Айта кетейік, мектеп жанындағы жазғы лагерьлердің екінші маусымы басталды.

Самал Қалиқызы