Өңір басшысы Ақтоғай ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, аудандық мәслихат депутаттарының келісімі және өңір басшысының өкімімен Ақтоғай ауданының әкімі лауазымына Ернұр Әйткенов тағайындалды.


Ернұр Нұрмұханұлы 1965 жылы Май ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. Мемлекеттік қызмет саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Еңбек жолында түрлі жауапты қызметтерді атқарған. Әр жылдары Май, Баянауыл, Аққулы және Тереңкөл аудандарын басқарған. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты қызметін атқарды.