Павлодарда ұшқышсыз ұшу аппараттарының сериялық өндірісі іске қосылды. Жоба Оңтүстік Кореяның дрон өндіретін ірі компанияларының бірімен серіктестік аясында жүзеге асырылуда. Кәсіпорын түрлі экономика салаларына арналған заманауи ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығаруға мүмкіндік береді. Толығырақ келесі сюжетте.
Өндіріс орныны жұмысының салтанатты ашылуына атқамінерлер, осы мекеменің ашылуына күш салған жандар мен қала тұрғындары қатысты. Шара барысында сөз сөйлегендер жаңа кәсіпорынның іске қосылуы өңірдің өнеркәсіптік және экономикалық әлеуетін арттырудағы маңызды қадам болатынын, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастырумен негізінен жас мамандар айналысады.
Қадиша Беготаева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
«Кәсіпорынға табысты жұмыс, тұрақты даму және жаңа жетістіктер тілеймін. Өз тарапымыздан Павлодар қаласының әкімдігі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасауды жалғастыра береді.»
Қазіргі таңда кәсіпорын ұшқышсыз ұшу аппараттарының төрт үлгісін шығарады. Олар: квадрокоптер, гексакоптер және тіке ұшып-қонып қона алатын екі аппарат. Бұл жобанының жүзеге асуына Оңтүстік Корея компания серіктес ретінде көп қол үшын созды. Олар павлодарлық мамандарға озық технологияларды, тиімді өндірістік шешімдерді ұсынды. Жоба қатысушыларының айтуынша, мұндай технологияларға қол жеткізу оңай емес. Сондықтан бұл ынтымақтастық өндірісті іске қосудың басты факторы болды.
Ли Джон Киёнг, «Preneu» компаниясының бас директоры
«Біздің компания халықаралық нарыққа шығып, жаһандық ойыншыға айналуды көздейді. Егер Қазақстанға тек дайын техниканы жеткізетін болсақ, оның шығыны өте жоғары болар еді. Сондықтан технологияларды Қазақстанға беру және өндірісті жергліктендіру ең тиімді жол деп шештік. Қазіргі таңда жергіліктендіру деңгейі жүз пайызға жеткен жоқ. Дегенмен мұндай тәсіл шығындарды азайтып, елдегі ұшқышсыз авиация саласының дамуына ықпал етеді.»
Кәсіпорын алғашқы кезеңде ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастырады. Бұдан соң жекелеген бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды өндіруге, кейін бағдарламалық қамтамасыз етуді ле өздері даярлавуды жоспарлап отыр. Алдағы екі жыл ішінде өндірістің жергіліктену деңгейін 85 пайызға жеткізу көзделген.
Ержан Әуезов, кәсіпорын басшысы
«Ұшқышсыз ұшу аппараттары экономиканың және күнделікті өмірдің түрлі салаларында қолданылады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында, төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою кезінде, картографияда, сондай-ақ мұнай және газ құбырларын бақылау ісінде пайдаланылады. Алдағы екі жылда өндірісті жергіліктендіру деңгейін 85 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта кореялық серіктестермен бірге Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделген, іштен жанатын қозғалтқышпен жабдықталған және қатты жел жағдайында тиімді жұмыс істей алатын ұшқышсыз ұшу аппаратын әзірлеу мәселесін пысықтап жатырмыз.»
Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына мыңға дейін ұшқышсыз ұшу аппаратын шығаруға мүмкіндік береді.