Көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін бояу біртіндеп өткеннің еншісінде қалмақ. Енді Павлодарда тұрғын үйлерді жөндеу кезінде қаптама материалдары қолданылады. Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков облыс орталығы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.
Пилоттық жоба Лермонтов көшесінен басталады. Мұнда көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері арнайы қаптама материалдарымен жаңартылады. Қала әкімінің айтуынша, соңғы жылдары Павлодар ірі мәдени және спорттық іс-шаралар өтетін тартымды орталыққа айналып келеді. Сондықтан облыс орталығын абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі:
Қалада абаттандыру жұмыстары кең көлемде жасалуда. Көше жолдарының барлығы дерлік жөнделді деуге де болады. Қала тұрғындары серуендейтін орындар көбейді. Әр ауланың маңынан табуға болады. Енді тұрғынүйлердің сыртқы әлпетін ретке келтіру міндеті тұр. Облыс әкімдігінің қолдуымен жобаны Лермонтов көшесінен бастаймыз. Қазір заманауи әлемде үйдің срытын бояу өткен тарих болып қалды деуге болады. Сондықтан, тұрғын үйлердің сырты арнайы ұзақмерзімдік метериалмен қамталатын болады. Алдымен Лермонтов көшесінен бастап, өзге көшелерге ауысамыз. Осылайша сүйікті қаламыздың келбетін мейлінше тартымды етеміз.
Мердігер ұйымдар жұмыстарды бастап та кеткен. Қазір бірнеше тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылып жатыр. Құрылысшылар ұзақ жылдар бойы қызмет ететін сапалы қаптама материалдарын пайдалануда. Жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтау жоспарланған.
Алдағы уақытта мұндай тәсіл көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеудің жаңа стандартына айналады. Қасбеттерді қаптау ғимараттардың сыртқы келбетін жаңартып қана қоймай, оларды Павлодардың құбылмалы ауа райына анағұрлым төзімді етеді.